Қазақстан Реепубликасының Әдiлет министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әдiлет министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 ақпан N 185

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әдiлет министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әдiлет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы
Келісім

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әдiлет министрлiгi,
      екі мемлекеттің әділет министрлiктерi арасындағы ынтымақтастықтың қажеттілігiн тани отырып,
      қазақстан мен араб заңгерлерi арасындағы өзара түсiнiстiк пен достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-БАП

      Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:
      1) заң ғылымдары мен практикасының әр түрлi проблемалары бойынша екi жақты симпозиумдар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;
      2) заңнама және құқықтық құрылымдар туралы ақпарат алмасу;
      3) әдiлет органдары мен мекемелерi бiр бiрiнiң ұйымдары мен және қызметiмен танысу үшiн Тараптар делегацияларымен алмасу;
      4) Тараптардың әдiлет органдары мен мекемелерiнiң арасында әрiптестiк байланыстар орнату.

2-БАП

      Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар өзара мүдденi бiлдiретiн меншiк қатынастары, инвестициялар және басқа да келiсiлген тақырыптар саласындағы бiрлескен бағдарламаларды әзiрлеу және заңнамаларды жетiлдiру жөнiндегi комиссия құруы мүмкiн.

3-БАП

      Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар тиiстi қаржы мүмкiндiктерiнен көрiне отырып, келесi жылға арналған нақты бiрлескен iс-шараларды қажеттiлiгiне қарай жыл сайын келiсетiн болады.
      Тараптар ынтымақтастығы бойынша бiрлескен iс-шараларды қаржыландыру кезiнде оған сәйкес оларды ұйымдастыру және Тараптар делегацияларының келуi жөнiндегi шығыстарды, сондай-ақ мүмкiн болатын медициналық шығыстарды қабылдаушы Тарап, ал жөнелтуші Тарап - көлiкпен бару және керi қайту жолақылары бойынша шығыстарды көтередi деген қағидатты ұстанады.

4-БАП

      Осы Келiсiм Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жазбаша нысанда өзгертілуi және толықтырылуы мүмкін.
      Осы Келiсiмнiң қолданылу саласына қатысты мәселелер бойынша Тараптаp арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер екi жақты келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

5-БАП

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және шектеусiз уақытқа қолданылады. Ол Тараптардың бiрiмен жойылуы мүмкiн және басқа Тарап оның әрекетiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарды алған күннен бастап алты ай өтiсiмен өз әрекетiн тоқтатады.

      200 ____ жылы ________ қаласында жасалды, бұл сәйкес, әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын, орыс тiлдерiнде екi данада әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiк болған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ         САУД АРАБИЯСЫ
       ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГI YШIH        КОРОЛЬДIГIНIҢ ӘДIЛЕТ
                                        МИНИСТРЛIГI ҮШIН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады