2003 жылға арналған мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн және мемлекеттiк жемдiк пен тұқымдық астық ресурстарын пайдалану көлемiн белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 ақпан N 187

      "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 2003 жылға:
      азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервi 500 000 (бec жүз мың) тонна мөлшердегi;
      мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 10 000 (он мың) тонна мөлшердегi;
      мемлекеттiк тұқымдық астық ресурстары 100 000 (бip жүз мың) тонна мөлшердегi;
      мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 500 000 (бec жүз мың) тонна мөлшердегi көлемде белгiленсiн.

      2. 2003 жылға арналған пайдалану көлемi:
      мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 10 000 (он мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
      мемлекеттiк тұқымдық астық ресурстары 100 000 (бip жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде белгiленсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады