Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерінің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуінің тәртiбi:
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
"2-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы бiлiм беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызмет көрсетуi жатады".
5-тармақтың үшiншi абзацында:
"2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында";
"кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі