Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 5 наурыз N 224. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.

      Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылауды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ құндылықтарды, почта байланысы қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде Ережеге 6-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 5 наурыздағы
N 224 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
6-қосымша

      "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының қызметкерлерін

      қаруландыру үшін белгіленген қару және оның

      патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

      1. Фельдъегерь әрбір фельдъегерге

      1 пистолет

      2. Экспедитор 2-3 қызметкерден

      тұратын ауысымға

      1 пистолет

      3. Фельдъегерь-жүргізуші әрбір фельдъегер-

      жүргізушіге 1 пистолет

      4. Арнайы байланыс бөлімшесінің бастығы 1 пистолет

      5. Өндірістік учаске бастығы 1 пистолет

      (бастықтың орынбасары)

      6. Цех бастығы (бастықтың орынбасары) 1 пистолет

      7. Облыстық, қалалық арнайы байланыс 1 пистолет

      қызметінің бастығы (директоры),

      (бастықтың, директордың орынбасары)

      8. Аға диспетчер (диспетчер) 1 пистолет

      9. Почта байланысы торабының бастығы 1 пистолет

      10. Почта байланысы бөлімшесінің 1 пистолет

      бастығы

      11. Почта вагонының бастығы 1 пистолет

      12. ПТБ почта алмасуы жөніндегі жауапты 1 пистолет

      кезекші, арнайы байланыс қызметінің

      жауапты кезекшісі (жауапты кезекшінің

      көмекшісі)

      13. Почтамттың және почта байланысы 1 пистолет

      торабының бас кассасы мен кассалық

      операциялар бөлімінің бастығы

      (меңгерушісі)

      14. Негізгі кассаны меңгеретін почта 1 пистолет

      байланысы торабының (бөлімшесінің)

      кассирі

      15. Почтаны алып жүру және алмастыру 1 пистолет

      жөніндегі почтальон

      16. Республикалық арнайы байланыс 1 пистолет

      қызметінің бастығы және оның

      орынбасарлары

      17. Касса торабын және кассалық 1 пистолет

      үй-жайларды күзету жөніндегі күзетші

      18. Ақшалай түсімдердің инкассациясын әрбір инкассаторға

      және құндылықтарды тасымалдауды 1 пистолет

      жүзеге асыратын инкассация қызметінің

      қызметкерлері (инкассаторлар)

      19. Ақшалай түсімдердің инкассациясын әрбір жүргізушіге

      және құндылықтарды тасымалдауға 1 пистолет

      арналған инкассация қызметінің

      арнайы автомобильдерінің

      жүргізушілері

      Ескерту:

      1. Почта байланысы тораптарының және бөлімшелерінің бастықтары, ПТБ жауапты кезекшілері, почтамттардың және почта байланысы тораптарының бас кассасы мен кассалық операциялар бөлімінің бастықтары, негізгі кассаны меңгеруші кассирлер жұмыс уақытында қызметтік қажеттілік болған жағдайда қаруланады.

      2. Почта вагондарының бастықтары қызметтік міндеттерін орындау кезінде ақшалай сомаларды тасымалдау жүзеге асырылатын бағыттар бойынша жол жүргенде қаруланады.

      3. Почтаны алып жүру мен алмасу жөніндегі почтальондар тек жұмыс уақытында ғана, сақтандыру почтасын тасымалдау жағдайында автомобиль және жүк тасу бағыттары бойынша жол жүргенде қаруланады.

      Оқ-дәрілер:

      -------------------------------------------------------------------

      Р/с! ! Патрондардың саны (дана)

      N ! Қарудың атауы !-----------------------------------

      ! ! қару ! жылдық шығын

      ! !бірлігінің !-----------------------

      ! !азаймайтын ! 1 адамға !қару

      ! ! қоры ! арналған !бірлігіне

      ! ! ! практикалық!келетін

      ! ! ! атыстар !ұрысты

      ! ! ! !тексеру

      -------------------------------------------------------------------

      1. Пистолеттерге 36 64 4

      -------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады