Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шекті саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Атырау" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "65" деген сан "66" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады