Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

       Ескерту. Тақырып өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.12.09. N  1292  қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. 1-қосымшаға сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын. 

      2. 2-қосымшаға сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және аудан (облыстық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.09. N  1292  қаулысымен.

      3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi санының қолданылып жүрген нормативтерiн басшылыққа ала отырып, әкiмияттардың қызметкерлерi санының нормативтерiн әзiрлеу ұсынылсын.

      4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің        
2001 жылғы 21 шілдедегі   
N 985 қаулысына       
1-қосымша           

       Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.05. N  275 , 2002.12.13. N  1311 , 1-қосымша жаңа редакцияда - 2003.01.31. N  115 , (2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді), 1-қосымша өзгерді - 2003.03.14. N  246 , 2003.07.25. N  747 , 2003.08.06. N  784 , 2004.12.09. N  1292  қаулыларымен.     

    Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының шекті саны <*>

Облыс              Әкімдер         Оның ішінде әкімнің
                   аппараттарының  орынбасарлары
                   саны (бірлік)   (бірлік)
_______________________________________________________
Ақмола                  71              4
Ақтөбе                  68              4
Алматы                  78              4
Атырау                  57              5 
Батыс Қазақстан         66              4
Жамбыл                  72              4
Қарағанды               78              4
Қостанай                73              4
Қызылорда               63              4
Маңғыстау               48              4
Оңтүстік Қазақстан      87              5 
Павлодар                71              4
Солтүстік Қазақстан     70              4
Шығыс Қазақстан         77              4
Алматы қаласы           295             4
Астана қаласы           144             5
Жиыны:                  1418           67 
_______________________________________________________

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2001 жылғы 21 шілдедегі    
N 985 қаулысына       
2-қосымша           

       Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.12.09. N  1292  қаулысымен.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер  әкімдерінің аппараттары  штат санының лимиттері және аудан (облыстық маңызы бар қала) ,  кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкімі орынбасарларының шекті саны

_____________________________________________________________
 Әкімшілік-аумақтық       !    Әкімдер        !     оның ішінде
 бірлік халқының саны     ! аппараттарының    !  әкім орынбасарлары
 (мың адам)               ! саны (бірлік)     !        (бірлік)
___________________________________________________________________
       Кент, ауыл (село), ауылдық
      (селолық) округ
      1,5-ке дейiн                  4-тен аспайды
      1,5-тен 3-ке дейiн            4-5
      3-тен 5-кe дейiн              5-6
      5-тен 10-ға дейiн             6-8            1
      10-нан 20-ға дейiн            8-10           1
      20-дан астам                  10-12          1

      Аудандар
      50-ге дейiн                   17             2
      50-ден жоғары                 18-20          3
 
       Аудандық
   маңызы бар қалалар

     10-нан 20-ға дейін                  5                    1
     20-дан 50-ге дейін                 5-10                  2
 
   Облыстық маңызы бар қала
     50-ден 100-ге дейін               20-40                  3
    100-ден 500-ге дейін               40-60                  3
     500-ден жоғары                  80-нен аспайды           3
 
      Аудан (аудандық, облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімі орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс.
__________________________________________________________________

      Ескерту: халықтың саны 0,5 мың адамнан аз болған жағдайда ауыл (село) әкiмiнiң аппараты құрылмайды. Қалалар әкімдері аппараттарының саны осы қалалық әкiмшiлiктiң аумағындағы кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары ескерілмей берілген.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің       
2001 жылғы 21 шілдедегі  
N 985 қаулысына     
3-қосымша          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгілік құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерінің саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742  қаулысы

      2. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаражат жинауды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 840  қаулысы

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1425 және 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 930  қаулысы

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 қыркүйектегi N 1321  қаулысы.  

      5. "Ақмола қаласының мемлекеттiк органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 45  қаулысы.  

      6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1920  қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 616-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 сәуiрдегi N 567  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады