Ерекше қорғалатын табиғи аумақтаp жерлерiнің жекелеген телімдерiн басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 260 қаулысы

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнің "Алтын емел" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркі" мемлекеттiк мекемесiнің ауданы 48400 га жер телiмi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатынан қордағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 18 наурыздағы 
N 260 қаулысына     
қосымша         

"Алтын емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік
мекемесінен Алматы облысы Кербұлақ ауданының қордағы
жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

___________________________________________________________________
Жалпы  !     Соның ішінде:       !Ауыл шаруашы.! Көп жылғы !Басқа
ауданы !-------------------------!лығы алқапта.!  екпелер  !жерлер
        !Егістік!Шабындық!Жайылым ! рының жиын. !           !
        !       !        !        !    тығы     !           !
-------------------------------------------------------------------
  48400    2230    1002     41606      44838          45      3517
-------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады