1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ ғылыми-технологиялық кеңістiгiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 264 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласында жасалған 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ ғылыми-технологиялық кеңістігін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңістiгiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiгiн құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,
      ғылыми-технологиялық саясат саласында келiсiлген саясатты жүргiзудiң қажеттілiгiн тани отырып, сондай-ақ:
      - Ғылыми-технологиялық даму жөнiндегi Мемлекетаралық комитетiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетiмен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
      - 1999 жылғы 2 сәуiрдегi ТМД органдары құрылымдарын жетiлдiру және қайта қалыптастыру туралы Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң шешiмiн iске асыру мақсатында,
      төмендегілер туралы келiстi:

      1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстігін құру туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) және 1995 жылғы 3 қарашадағы Ғылыми-технологиялық даму жөнiндегі Мемлекетаралық комитет туралы ережеге (бұдан әрi - ҒТД МК туралы ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1.1. Келiсiмнiң 5-бабының 1-тармағындағы "Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетi (МЭК)" деген сөздер "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi" (бұдан әрi - ТМД Экономикалық кеңесi) деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.2. Келiсiмнiң 5-бабының 2-тармағындағы "МЭК арқылы" деген сөздер "белгiленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.3. Келiсiмнiң 5-бабының 3-тармағының 2-абзацындағы "ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерiне жетекшiлiк ететiн MЭK Алқасы төрағасының орынбасары" деген сөздер "ғылыми-технологиялық ынтымақтастық мәселелерiне жетекшiлiк ететiн ТМД Атқарушы комитетi - Атқарушы-хатшысы төрағасының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.4. Келiсiмнiң 5-бабының 3-тармағының 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық саласындағы құжаттар жобаларын қарау кезiнде кеңесшi дауыс беру құқығымен ҒТД МК-нiң төрағасы, алмастыру принципi негiзiнде сайланатын немесе оның тапсырмасы бойынша ҒТД МК мүшелерiнiң бiрi ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиясы мәжiлiстерiне қатысады.".
      1.5. Келісiмнiң 5-бабының 4-тармағының "Осыған байланысты МҒТК туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады. Тиiстi ұсыныстарды дайындау" деген сөздер "МҒТК туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныстар дайындау".
      1.6. Келiсiмнен 6-бап алынып тасталсын, одан кейiнгi баптардың нөмiрлерi өзгертілсiн.
      1.7. Келiсiмнiң 7-бабының (жаңа редакциядағы 6-баптың) 1 тармағындағы "ғылыми-зерттеу жұмыстары" деген сөздер "ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.8. Келiсiмнiң 7-бабы (жаңа редакциядағы 6-бап) мынадай редакциядағы 2-тармақпен толықтырылсын: "Интеллектуалдық меншiк, мүлiк және мүлiктік емес құқықтарын пайдалану, бiрлескен жұмыстардың нәтижелерiн енгізуден түскен пайданы бөлу мәселелерiн, көпжақты ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларды iске асыру туралы тиiстi шарттармен реттеледi." және осы баптың 2-тармағы 3-тармақ болып есептелсiн.
      1.9. Келiсiмнiң 8-бабының (жаңа редакцияның 7-бабының) 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Келiсiмдi iске асыруда Тараптардың қатысуы, тұтастай, ортақ ғылыми-технологиялық кеңістікті құрудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi нақты мiндеттердi шешуге, сондай-ақ мүдде елдердiң көпжақты ынтымақтастық бағдарламалары мен жобаларына қатысумен тең, ол өзара тиiмді және ерiктi негiзiнде жүзеге асырылады.".
      1.10. Келiсiмнiң 10-бабының (жаңа редакцияның 9-бабының) 2-тармағындағы "Атқарушы Секретариат" деген сөздер "Атқарушы комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.11. Келiсiмнiң 12-бабы (жаңа редакцияның 11-бабы) мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын: "Осы Келiсiмнiң iс-қимылының тоқтатылуы, онымен сәйкес iске асырылатын жобаларды қозғамайды." және осы баптың 3-тармағы 4-тармақ болып саналсын.
      1.12. Келiсiмнiң қорытынды бөлiгіндегi "Атқарушы Секретариаты" деген сөздер, "Атқарушы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.13. ҒТД MK туралы ереженiң I-бөлiмiнiң 1-тармағының 3-абзацындағы "Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетi (МЭК)" деген сөздер "Тәуелсiз Мемлекет Достастығының Экономикалық кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Достастық, МЭК-тiң шешiмдерiмен," деген сөздер "Достастықтың Экономикалық кеңесiнiң, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын; "1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсiз Meмлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер шеңберiндегi ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын.
      1.14. ҒТД MK туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 2-тармағының 3-абзацындағы "ғылыми-зерттеулер" деген сөздерден кейiн "және инновациялық-технологиялық" деген сөздермен толықтырылсын.
      1.15. ҒТД МК туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 2-тармағының 3-абзацындағы "ғылыми-техникалық" деген сөздерден кейiн "және инновациялық" деген сөзбен толықтырылсын.
      1.16. ҒТД MK туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 2-тармағының 6-абзацындағы "ғылыми және технологиялық" деген сөздер "ғылыми-техникалық және инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.17. ҒТД MK туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 3-тармағының 7-абзацындағы "ғылыми-зерттеулер" деген сөздерден кейiн "және инновациялық-технологиялық" деген сөздермен толықтырылсын.
      1.18. ҒТД МК туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 4 тармағының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "FTД МК мүшелерiне олардың үкiметтерi ұсынған құзырет шектерiнде шешiм қабылдайды;".
      1.19. ҒТД MK туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 4-тармағының 3-абзацы алынып тасталсын.
      1.20. ҒТД МК туралы ереженiң II-бөлiмiнiң 4-тармағы мынадай редакцияда 5-абзацпен толықтырылсын: "жекелеген, ғылыми-технологиялық және инновациялық ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттары жөнiнде тұрақты және уақытша жұмыс органдарын құруы мүмкiн;".
      1.21. ҒТД МК туралы ереженiң III-бөлiмiнiң 5-тармағындағы "ғылыми-техникалық" деген сөздерiнен кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын; "ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерiне жетекшiлiк ететiн MЭK алқасы төрағасының орынбасары" деген сөздер "ғылыми-технологиялық ынтымақтастық мәселелерiне жетекшiлiк ететiн ТМД Атқарушы-хатшысы - Атқарушы комитетi төрағасының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.22. ҒТД МК туралы ереженiң III-бөлiмiнiң 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "ҒТД МК-нiң мәжiлiстерi Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде кезек бойынша жүргiзiледi. ҒТД MK-нiң мәжiлiстерiн өткiзу жөнiндегi шығыстарды оның аумағында ҒТД МК-нiң мәжiлiсiн өткiзетiн (қабылдаушы тарап) Келiсiмге қатысушы мемлекет көтередi. ҒТД МК мүшелерiнiң iссапарлары жөнiндегi шығындарды Келiсiмге қатысушы жiберушi мемлекет көтередi. ҒТД МК мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына бiр реттен кем емес және қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша ҒТД MK белгiлейтiн мерзiмде және орында өтедi.".
      1.23. ҒТД МК туралы ереженiң ІІІ-бөлiмiнiң 8-тармағының 1-абзацындағы "шарттары" деген сөз "принциптi негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; "оның регламентiмен" деген сөздер "оның жұмыс регламентiмен" деген сөздермен ауыстырылып және "ҒТД MK шешiмi бұл кезеңде сұрау жолымен қабылдануы мүмкiн" деген сөйлеммен аяқталсын.
      1.24. ҒТД МК туралы ереженiң ІІІ-бөлiмiнiң 8-тармағының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "ҒТД MK-нiң төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша ҒТД МК мүшелерiнiң бiрi Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық саласындағы құжаттар жобаларын қарау кезiнде кеңесшi дауыс беру құқығымен ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссия мәжiлiсiне қатысады.".
      1.25. ҒТД МК туралы ереженiң ІІІ-бөлiмiнiң 9-тармағындағы "МЭК-пен келiсiмi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
      1.26. ҒТД MK туралы ереженiң III-бөлiмiнiң 10-тармағындағы "MЭK" деген сөз "ТМД Экономикалық кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1.27. ҒТД MK туралы ереженiң ІІІ-бөлiмiнiң 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "ҒТД МК-нiң атқарушы органының функциясы ТМД Экономикалық кеңесiмен бекiтiлген, ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет ететiн Мемлекетаралық ғылыми-техникалық кеңеске (бұдан әрi - МҒТК) жүктеледі".
      1.28. ҒТД MK туралы ереженiң ІІІ-бөлiмiнiң 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "ҒТД МК мен МҒТК-тiң жұмыс аппаратының функцияларын ТМД Атқарушы комитетi департаментiнiң бөлiмшелерi орындайды.
      Осы кезде ҒТД МК-нiң қызметiн ұйымдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты функцияларын МҒТК-нiң жауапты хатшысы орындайды.".
      1.29. ҒТД МК туралы ереженiң III-бөлiмiнiң 13-тармағының бiрiншi абзацындағы "iссапарға" деген сөз "жiберуші" деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi абзацтағы "МЭК аппараты жүзеге асырады" деген сөздер "егер өзгелер ҒТД МК және МҒТК шешiмдерiмен көзделмеген болса, қабылдаушы тараптың атқарушы билiк органдары аппаратымен бiрлесiп, ҒТД MK мен МҒТК-тiң жұмыс аппараты ұйымдастырады.".
      1.30. ҒТД MK туралы ереженiң ІІІ-бөлiмiнiң 14-тармағының екiншi абзацындағы "ғылыми-техникалық" деген сөздерден кейiн "инновациялық" деген сөз қосылсын.
      1.31. ҒТД МК туралы ереженiң қорытынды бөлiгiнде "Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетi" деген сөздер "ТМД Экономикалық кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Хаттама қол қойған Тараптар оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдерді орындау туралы үшiншi жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Қажетті рәсiмдердi кешіктірiп орындаған Тараптар үшiн ол депозитарийге тиiстi жазбаша хабарламаны сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енеді.
      3. Осы Хаттаманы қолдану мен түсiндіруге қатысты даулы мәселелер консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      2001 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесiн осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке жiбередi.

Әзербайжан Республикасының        Молдова Республикасының
Үкiметi үшін                      Yкiметi үшiн

Армения Республикасының           Peceй Федерациясының
Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

Беларусь Республикасының          Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшін                      Үкiметi үшiн

Грузия Үкiметi үшiн               Түрiкменстан Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

Қырғызстан Республикасының        Украина Yкiметi үшiн
Үкiметi үшiн

1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстігiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Хаттамаға Әзербайжан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПІКIРI

      Әзербайжан Республикасы Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстігiн құруымен байланысты атқарушы және жұмыс органдарының қызметiне қатысудан қалыс қалады және ТМД-нiң шеңберінде бұрын қабылданған келiсiмдер мен осы шешiмдерге ерекше пiкiр сақтайды.

      Әзербайжан Республикасы
      Премьeр-Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
      Экономикалық кеңестiң мүшесi

ТМД Экономикалық кеңесi мәжiлiсінің күн тәртiбіндегі 15.5-тармағы бойынша Украинаның ұсынысы

      "1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiгiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Хаттама туралы"

2001 жылғы 16 наурыз

      Хаттама жобасына мынадай өзгерiс енгізсiн:
      1.27-тармақтағы "ТМД Экономикалық кеңесi бекітетiн" деген сөздер алынып тасталсын.

      Делегация басшысы, Украинаның
      Бiрiнші вице-премьер-министрi

      Осыменен қоса берiлiп отырған мәтiннiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнің тапсырмасы бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесiнің мәжiлiсiнде қабылданған (Мәскеу қаласы, 2001 жылғы 16 наурыз) 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiгiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Хаттама көшiрмесi мен дәлмә-дәл болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.

      ТМД Атқарушы хатшысы -
      Атқарушы комитетi төрағасының
      бiрiнші орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады