"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 278 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңын  және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 20 наурыздағы  
N 278 қаулысымен     
бекiтiлген     

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар жөнiндегi шығындарын өтеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) ол Ресей Федерациясының шекара әскерлерiн транзиттiк тасымалдауды жүзеге асырған кезде шеккен шығындарын өтеу тәртiбiн (бұдан әрi - кредиторлық берешектi өтеу) регламенттейдi.
      Қоғам алдындағы кредиторлық берешектi өтеу тиiстi қаржы жылына арналған 006 "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттiк бағдарламасының паспортына (бұдан әрi - паспорт) сәйкес жүзеге асырылады.

2. Кредиторлық берешектi өтеу үшiн құжаттарды дайындау және ұсыну

      2. Қоғам 2003 жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне (бұдан әрi - бағдарламаның әкiмшiсi) 3 данада нотариалды түрде куәландырылған:
      1) осы Ереженiң 1-тармағына сәйкес Қоғамның дебиторлық берешегiн ашып жазып, есептi қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң және айналымдағы теңгерiмнiң көшiрмесiн;
      2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң Ресей Федерациясының шекара әскерлерi үшiн транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыру жөнiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК (Қоғам) көрсеткен қызметтердiң құнын және паспортқа сәйкес өтеуге жататын, бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тасымалдар үшiн сомалардың дұрыс көрсетiлуiн тексеру актiсiнiң көшiрмесiн;
      4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Ресей Федерациясы шекара әскерлерiнiң транзитiн растайтын "Қазақстан темiр жолы" РМК (Қоғам) мен Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң арасындағы салыстыру актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.

3. Кредиторлық берешектi өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзудiң тәртiбi

      3. Бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды Қоғамның толық тапсыруына тексеру жүргiзедi және Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн жасайды.

      4. Бағдарламаның әкiмшiсi кредиторлық берешектің тiзiлiмi негiзiнде Қоғам алдындағы кредиторлық берешектi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда 006 "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде өтейдi.
      Бағдарламаның әкiмшiсi Қоғамның есеп айырысу шотына қаражатты аудару үшiн қазынашылықтың аумақтық органына осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн ұсынады.

4. Есепке алу және есептiлiк

      5. Қоғамның бухгалтерлiк есебiнде кредиторлық берешектi өтеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасына сәйкес көрсетiледi.

5. Дауларды қарау тәртiбi

      6. Кредиторлық берешектi өтеу процесiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен қаралады.

6. Бақылауды қамтамасыз ету

      7. Бағдарламаның әкiмшiсi Қоғамның есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты есепке алу жөнiндегi аударым операцияларының жүргiзiлуiн бақылауды қамтамасыз етедi.

Ережеге қосымша       
________________________________
сомасындағы тізілімді бекітемін
________________________________
(қолы) Мемлекеттік органның- 
бағдарлама әкімшісінің бірінші
          басшысы           
2003 жылғы "_____"___________

Кредиторлық берешектің
ТІЗІЛІМІ

      2003 жылғы _______"____"
________________________________________________________________
Р/с      Ұйымның атауы   Орналасқан жері       Кредиттік
N                                              берешектің
                                              сомасы (теңге)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
     Барлығы:
________________________________________________________________

      Осы тізілімге қоса беріліп отыр:
      1. ______________________________
      2. ______________________________
      3. ______________________________

      "Қазақстан темір жолы"             Бағдарламаның әкімшісі
     ұлттық компаниясы" ЖАҚ          
      _________________________       __________________________
      (басшының қолы, Т.А.Ә.)          (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      _________________________       __________________________
  (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)   (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.                             М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады