Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2001 жылғы 6 қарашадағы N 88 өкiмiнің күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 15 мамырдағы N 523 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 280 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргiзу заңнамасына мемлекеттiк органдар енгiзетiн ұсыныстарды қарау жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2001 жылғы 6 қарашадағы N 88 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 6 қарашадағы N 88 өкiмiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 мамырдағы N 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 144-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақ алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады