Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 53-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы "осы аумақтағы монополист" деген сөздер "қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттiк медицина ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі