Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ислам Даму Банкiнің арасындағы Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi дайындау жөнiндегi Техникалық көмек (грант) туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 304 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкiнiң арасындағы Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi дайындау жөніндегі Техникалық көмек (грант) туралы 2002 жылғы 3 қазанда Астана қаласында жасалған келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2003 жылғы 28 наурыздағы     
N 304 қаулысымен        
бекiтiлген            

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ислам Даму Банкiнiң
арасындағы Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн
қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi дайындау
жөнiндегi техникалық көмек (грант) туралы келiсiм

      Бiрлесiп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - "Үкiмет" деп аталатын) мен Ислам Даму Банкi (бұдан әрi - "Банк" деп аталатын) арасындағы келiсiм 2002 жылғы 3 қазанда жасалды.
      осы Келiсiмге қосымшада сипатталған Қазақстан Республикасының почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi (бұдан әрi - "Зерттеулер" деп аталатын) қаржыландыру үшiн Үкiмет Банктен техникалық көмек берудi сұрағанын ескере отырып;
      Банктiң төменде анықталған талаптар мен мерзiмде техникалық көмек беруге келiскенiн ескере отырып;
      осымен, Тараптар төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап. Гранттың сомасы

      Банк Үкiметке 178890 (бiр жүз жетпiс сегiз мың сегiз жүз тоқсан) Ислам динарынан аспайтын, шамамен 230 000 (екi жүз отыз мың) AҚШ долларына баламалы тең сомада техникалық көмек (грант) бередi.

2-бап. Келісу

      2.01-бөлiм
      Үкiмет осымен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн Консультант және Банкпен өзара iс-қимыл жөнiндегi және осы Келiсiмнiң күшiнде Үкiметке жүктелген мiндеттемелердi орындау үшiн тiкелей жауапты өкілеттi орган етiп тағайындайды.

      2.02-бөлiм
      Зерттеу жүргiзу үшiн атқарушы орган болып "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Қазпочта" AAҚ) белгiленедi. "Қазпочта" ААҚ зерттеу жүргiзу кезiнде жергiлiктi шығыстарды жабу үшiн бiрлесiп қаржыландыруға 60 000 (алпыс мың) АҚШ долларын бередi.

3-бап. Грант сомасын беру және пайдалану

      3.01-бөлiм
      Грант сомасы Банктiң төлем рәсiмдерiне сәйкес төленетiн болады.

      3.02-бөлiм
      Грант қаражаты тек зерттеу құнын жабу үшiн шетел валютасында пайдаланылатын болады.

      3.03-бөлiм
      Бiрiншi төлемге өтiнiш беру күнi
      Егер "Қазпочта" AAҚ мен Банк арасында келiсуге болатын 2003 жылғы 30 маусымға дейiн немесе осындай басқа неғұрлым кештеу мерзiмге "Қазпочта" AAҚ Банкке бiрiншi төлем жүргiзу үшiн өтінім бермесе, Банк Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне тиiстi жазбаша хабарлама бергеннен кейiн осы Келiсiмдi бiр жақты тәртiппен бұза алады.

      3.04-бөлiм
      Жабу күнi
      Егер Грант сомасының кез келген бөлiгi "Қазпочта" мен Банктiң арасында келiсiлуге болатын 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн немесе осындай басқа неғұрлым кештеу мерзiмге төленбесе, Банк "Қазпочта" ААҚ мен консультациялардан кейiн Гранттың төленбеген сомасының бөлігін жоя алады.

4-бап. Зерттеу жүргізу

      4.01-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ Зерттеу жүргiзуге жәрдемдесу мақсатында, "Қазпочта" ААҚ Банкпен консультациялар жүргiзу жолымен Банктiң рәсiмдерiне сәйкес iрiктеу жүргiзедi және Консультанттың көрсеткен қызметтерiне келiсiм-шарт жасайды.

      4.02-бөлiм
      Консультант "Қазпочта" ААҚ мен Банк арасында Консультант шақыруға дейiн ұсыныс жасауға жазбаша түрде келiсiлетiн осындай Техникалық тапсырма алады. Техникалық тапсырма "Қазпочта" AAҚ мен Банк арасындағы жазбаша келiсу жолымен өзгертiлуi мүмкiн.

      4.03-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ Банкпен бiрлесiп, сайламалы Консультантпен нәтижесi "Қазпочта" AAҚ мен Банктiң түпкiлiктi қабылдау мәнi болып табылатын келiссөздер жүргiзедi.

5-бап. Үкімет пен атқарушы органның міндеттері

      5.01-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ қабылданған қаржылық және әкiмшiлiк практикаларға сәйкес Зерттеудің уақтылы және тиiмдi жүргiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн Банкпен және Консультантпен ынтымақтасады және бұл үшiн, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн болса, Зерттеуге қатысты барлық қолда бар ақпаратты Консультантқа ұсынады.

      5.02-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ Зерттеу үшiн жұмыстарды жүргiзуге қажет ететiн Техникалық тапсырмада неғұрлым толығырақ көрсетiлетiн осындай персоналды, жабдықтарды және басқа да қызметтердi немесе ыңғайлы жағдайларды Консультантқа өтеусiз негiзде ұсынуды қамтамасыз етедi.

      5.03-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ зерттеу жүргiзу кезiнде жәрдемдесу және Консультантпен ынтымақтасу үшiн толық жұмыс күнiне бiлiктi жергiлiктi қосымша персонал ұсынуды қамтамасыз етедi.

      5.04-бөлiм
      "Қазпочта" AAҚ Зерттеудiң құнын жабу үшiн жергiлiктi валютада қажеттi қаражатты, сондай-ақ оларды жүргiзу кезiнде туындауы мүмкiн құнның кез келген асып түсуiн қаржыландыруды қамтамасыз етедi.

      5.05-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ Консультантқа Банктiң негiздi түрде сұрауы мүмкiн мөлшер мен нысанда осындай есептер мен жобаларды, жоспарларды, сызбаларды, ерекшелiктердi, жұмыс кестелерiн және шығыстар сметаларын қоса алғанда, сондай-ақ, Зерттеу мақсатында Консультант дайындаған құжаттардың көшiрмелерiн, басқа да елеулi ақпараттарды, Банкке ұсынуды тапсырады.

      5.06-бөлiм
      "Қазпочта" AAҚ өз құзыретi шеңберiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктiң тiркелген өкiлдерiнiң Зерттеу жүргiзуге байланысты барлық жерге және ғимараттарға еркiн кіруін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдайды.

      5.07-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ техникалық көмек (грант) қаражатын пайдалану мен Зерттеу жүргiзу барысын бейнелеу үшiн (оның құнын қоса алғанда) жеткiлiктi жағдайда есептер мен есептеулердi жүргiзетiн болады немесе жүргiзудi тапсырады.

      5.08-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ жұмыс барысының егжей-тегжейiн, кездесетiн проблемаларды, қабылданған iс-қимылдарды және басқа да мезгiл-мезгiл Банк сұратуы мүмкiн мән-жайларды көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептердi Банкке ұсынып отырады.

      5.09-бөлiм
      Консультанттың түпкiлiктi есебi ұсынылған сәттен бастап 90 (тоқсан) күн iшiнде "Қазпочта" ААҚ, осы Келiсiмге сәйкес және Банк ұсынған Зерттеудiң мақсатқа қол жеткiзуi шеңберiнде техникалық көмектің нәтижелерiн бағалау жөнiндегi есептi Банкке ұсынады.

      5.10-бөлiм
      "Қазпочта" AAҚ Зерттеу мақсатына қол жеткiзуге байланысты қызмет көрсетуге және осы Келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалуына ықпал ететiн немесе ықпал ету қаупi бар кез келген жағдайлар туралы Банктi уақтылы хабардар етедi.

      5.11-бөлiм
      (а) Консультанттың сыйақысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салынатын болады. Консультанттың төлеген кез келген салықтары немесе басқа да мiндеттi төлемдерi Грант    қаражатынан төленбейдi және "Қазпочта" ААҚ қаржыландырады.
      (б) "Қазпочта" ААҚ өзiнiң қаржылық ұсынысын бергенге дейiн Қазақстан Республикасының бюджетiне түсетiн барлық салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер туралы Консультантты хабардар етуге мiндеттенедi.

      5.12-бөлiм
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үкімет мыналар бойынша шаралар қабылдайды:
      (а) Зерттеу жүргiзу мақсатында Қазақстанның аумағына әкелiнетiн және осы аумаққа әкелiнгеннен кейiн әкетiлетiн кез келген жабдықтарды, материалдарды немесе керек-жарақтарды салықтардан, кедендiк және басқа да төлемдерден (акциздiк жиналымдардан басқа) босату;
      (б) Зерттеу жүргiзу үшiн және Консультант пен оның персоналының жеке қажеттілiгiне қажеттi кез келген жабдықтарды, материалдар мен керек-жарақтарды уақтылы кедендік ресiмдеу. "Қазпочта" ААҚ барлық ресми кедендік талаптарды уақтылы шешуге жәрдемдеседi.

      5.13-бөлiм
      Қазақстан Республикасында белгiленген рәсімдерге сәйкес "Қазпочта" ААҚ мыналар бойынша шаралар қабылдайды:
      (а) Консультант пен оның персоналының Республикаға келу және одан кету визаларын рәсімдеу үшiн талап етiлетiн құжаттарды уақтылы ұсыну және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен Сыртқы iстер министрлiгiнде тiркеудi қамтамасыз ету;
      (б) Зерттеу жүргiзу үшiн барлық қажеттi рұқсаттар мен сенiм хаттарды беру.

6-бап. Есеп берушілік және әр түрлі

      6.01-бөлiм
      "Қазпочта" ААҚ мен Банк мезгiл-мезгiл, қандай да бiр Тараптардың сұрауы бойынша техникалық көмектi (грантты) жүзеге асыруға қатысты пiкiр алысады және Консультант дайындаған кез келген есеп бойынша және осы есептерде ұсынылған кез келген ұсынымдарды қабылдау жөнiнде консультация алмасады.

      6.02-бөлiм
      Банк Консультант дайындаған кез келген есептi, Банк қажет деп есептейтiн кез келген мақсатқа пайдалана алады, бiрақ бұл есептер, егер ол "Қазпочта" ААҚ мен Банк арасында өзгеше келiсiлмесе жарияланбайды.

      6.03-бөлiм
      Осы Келiсiмге сәйкес Банктiң жәрдемдесу шарттары Консультанттың кез келген ұсынымдарын қабылдауға қатысты Банкті Үкiметке қаржылай немесе одан әрi техникалық жәрдемдесуді жалғастыруға міндеттемейді.

7-бап. Хабарлама

      Бір Тараптың екiншi Тарапқа жiберген кез келген жазбаша хабарламасы, егер ол қолдан қолға берілсе немесе телефон, почта немесе телекс бойынша мына мекен-жайлардың бiреуiне жiберiлсе, ол тиiстi түрде ұсынылды деп саналатын болады:

      Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және
      коммуникациялар министрлiгi
      Қазақстан Республикасы
      473000, Астана қаласы,
      Абай даңғылы, 49
      Телефон:(3172) 326277, (3172) 322994
      Факс: (3172) 321058

      Ислам Даму Банкi үшiн:
      Почта жәшiгi: 5925
      Джеддах-21432
      Сауд Арабия Корольдiгi
      Телеграф: BANKISLAMI JTDDAN
      Телекс: 601137 ISDB SJ
      Факс: 6366871 JEDDAH

8-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер өзара келiсiм бойынша жазбаша нысанда енгiзiлуi мүмкiн. Кез келген мұндай өзгерiстер осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылады.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қабылдау жөнiнде даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.

10-бап

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының iшкi рәсiмдерi аяқталғандығының хабарын Банк алған күннен бастап күшiне енедi.

      Жоғарыда көрсетiлгендердi растай отырып, тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi ағылшын тiлiндегi екi данада осы Келiсiмге оның кiрiспесiнде көрсетiлген күнi қол қойды.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
      және оның атынан:

      Қазақстан Республикасының Көлiк
      және коммуникациялар министрi

      Ислам Даму Банкi үшiн
      және оның атынан     

                                                      Қосымша

Зерттеуді сипаттау

      Техникалық тапсырма мыналармен тұжырымдалады:
      1. Қазақстан Республикасының почта саласында бар басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу және оны жаңғырту үшiн қажетті кез келген өзгерiстердi және банкинг сияқты коммерциялық қызметтің бөлшек сауда секторын басқаруды қоса алғанда, коммерциялық өмiршең ұйымдар үшiн болашақ қарсы талаптарды ұсыну және т.б.;
      Почта қызметтерінің жұмысын жақсарту және кеңейту мақсатында қаржы ағындарының дамуын және почта операциялары мен жедел почта қызметтерiнің маркетингiлiк аспектiлерiн болжау.
      2. Коммерциялық операциялар үшiн почта қызметтерінің қаржы бюджетiн қарау және талдау, ағымдағы шығыстарын азайту, кiрiсiн ұлғайту және бюджет жүйесiн дайындау.
      3. Қазақстан Республикасы почта қызметтерінің сенiмдi дерек қорын алу үшiн қажеттi деректер жинау бойынша iс-қимылын орындауды зерделеу.
      4. Почта қызметтерінің негiзгi функциялары үшiн компьютерлендiрiлген Ақпарат Жүйесiн Басқарудағы (АЖБ) қажеттiлiктi зерделеу, егер қажеттілiк туындаса, Ұлттық және Өңiрлiк өкілдiктерге орнатуға болатын қажеттi жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi ұсыну.
      5. "Қазпочта" ААҚ банк операцияларындағы зерделеу және жақсартуды ұсыну.
      6. Почта саласының қолда бар құқықтық құрылымын зерделеу және қазiргi заманғы iс-қимылдар үшiн қажеттi заңдарға сәйкес өзгерiстер ұсыну.
      7. Почта қызметтерiнiң құрылымын зерделеу және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы почта қызметтерiнiң жұмысына нормативтiк құқықтық реттеу бойынша тиiстi ұсынымдар енгiзу.
      8. Почтаны жаңғыртудың бiр бөлiгi ретiнде көтергiш жабдықтар (айырбасты көтергiштер, астына қоятын домкрат), сұрыптау машиналары, көшедегi почта жәшiктерi, Сату Жүйесiнiң бөлшек сауда нүктелерi, екi радио жолы (жергiлiктi жеткiзу көлiк құралдары үшiн бiршама қауiпсiз жақсы және жеделдетiп қызмет көрсету үшiн) және т.с.c. қажеттi жабдықтарды, яғни құны мен техникалық ерекшелiктерi егжей-тегжейлi жазылған қажеттi жабдықтың толық тiзiмiн ауыстыру, жаңғырту немесе сатып алу қажеттiлiгi мен жүзеге асырылуын анықтау үшiн егжей-тегжейлi зерттеу жасалуы тиiс.
      9. Кадрларды даярлаудың және адам ресурстарын дамытудың қажеттілігін зерделеу.
      10. Почтаны өңдеудi толық автоматтандыру және Банк үшiн жобалау құжаттарын әзiрлеудi қоса алғанда, ақша аударымдарының, жинақтау және сақтандыру қызметiнiң барлық түрлерiн компьютерлендiру үш сатыдан (қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) тұратын инвестициялық жоспарды дайындау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады