Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 330 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігін Астана қаласында орналастыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі орталық аппаратының ғимаратын жөндеуді аяқтау үшін 11640185 (он бір миллион алты жүз қырық мың бір жүз сексен бес) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады