Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны қайтарып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 340 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi "Қарағай Голд" акционерлiк қоғамына Қарағанды облысының Қарағайлы ауданындағы (Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) Абыз кен орнын геологиялық зерттеу және құрамында алтын бар кендердi өндiру үшiн берген 1996 жылғы 8 қаңтардағы MГ N 342-D (алтын) сериялы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия қайтарып алынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыны орындау жөнiндегі қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады