Қазақстан Республикасының Укiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру жөнiндегi комитетi мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 37 және Бөгенбай даңғылы, 7 әкiмшiлiк ғимараттарын, сондай-ақ Астана қаласы, Бөгенбай даңғылы, 7 мекен-жайлары бойынша орналасқан автомашиналар гараждарын "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AAҚ-тың жарғылық капиталына берсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi