Мемлекеттің кірістерін пайдаланудың бағыттарын анықтау жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 348 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және заңнамалық кесімдерде көзделмеген мемлекеттің кірістерін пайдаланудың бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы, "Теңізшевройл", жауапкершілігі шектеулі әріптестігі, "Теңізмұнайгаз" өндірістік бірлестігі, "Трансошен Шеврон Компани", "Шеврон Оверсиз Компани" арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы жоба бойынша келісімнің 2 (В) бабында көзделген төлем мемлекеттің кірісі болып саналсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген төлем Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсім және кіріс ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынады деп анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуы жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады