Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 387 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2022 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1) тақырыптағы және мәтiндегі "үйлестiру кеңесiн", "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      тақырыптағы және мәтіндегі "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Туризм жөнiндегi кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Кәрменова - "Астана қаласының туризм орталығы"

      Альмира Нұрқасқызы еншiлес мемлекеттiк коммуналдық

      кәсiпорнының директоры

      Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк

      Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi

      вице-министрi

      мына жолдар:

      "Никитинский - Қазақстан Республикасының Туризм

      Евгений Сергеевич және спорт жөнiндегi агенттiгi

      төрағасының орынбасары, төрағаның

      орынбасары

      3әкiриянов - Қазақстан Республикасының Туризм

      Қайрат Хайроллаұлы және спорт академиясының ректоры

      (келiсiм бойынша)

      Шамсутдинова - "Қазақстан тұтынушыларының

      Светлана Юрьевна ұлттық лигасы" республикалық

      қорының президентi

      Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Наталья Артемовна вице-министрi"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Никитинский - Қазақстан Республикасының Туризм

      Евгений Сергеевич және спорт жөнiндегi агенттiгi

      төрағасының орынбасары

      3әкiриянов - Қазақстан Республикасының Туризм

      Қайрат Хайроллаұлы және спорт академиясының ректоры,

      Спорттық туризм және туристiк

      көпсайыс республикалық

      федерациясының президентi

      (келiсiм бойынша)

      Савченко - "Қазақстан тұтынушыларының

      Светлана Юрьевна ұлттық лигасы" республикалық

      қорының президентi

      (келiсiм бойынша)

      Коржова - Қазақстан Республикасының

      Наталья Артемовна Экономика және бюджеттiк жоспарлау

      бiрiншi вице-министрi";

      көрсетiлген Кеңестiң құрамынан: Жидебай Құдайбергенұлы Көпенов, Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев, Мұрат Арзаұлы Мұртазаев, Өмiрбай Көпбайұлы Мұсаев, Нұрлан Құсайынұлы Рахметов, Анатолий Александрович Белоног, Нұрлан Әбдiлдаұлы Ысқақов, Владимир Викторович Шнейдмюллер шығарылсын;

      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Туризм жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ережеде:

      тақырыптағы және мәтiндегi "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-бөлiмде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды";

      4-тармақтағы "Туризм туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Туризм жөнiндегi кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi";

      2-бөлімде:

      тақырыптағы "мiндеттерi" деген сөзден кейiн "функциялары" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;

      3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;

      4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;

      5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1)тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi";

      9-тармақтағы "орынбасарларының бiрi" деген "орынбасары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады