Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 392 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 278-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 13-жолда:
      "Іс-шара" деген 2-бағандағы "және оны қаржыландыру ережесін әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Аяқтау нысаны" деген 3-бағандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады