"Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 398 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстанның Даму банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулер, кредит беруiнiң, меншiктi капиталын орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агент функцияларын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Даму Банкiнiң кредит саясаты туралы Меморандумда белгiленедi.
      3-баптың 1-тармағында:
      "өңдеушi өндiрiстердi" деген сөздер "өңдеушi өнеркәсiптi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "кредит бepу" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - экспорттық операциялар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы "(Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-баптағы 1-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Меморандумға сәйкес республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру";
      "3) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ Меморандумға сәйкес мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған қаражат есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң функцияларын орындау;
      4) қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалардың, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылатын қаражат есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың банк сараптамасын жүргiзу;
      5) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң мониторингi және олардың Даму Банкi алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
      Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған қаражат есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асыру мониторингi;";
      5-бапта:
      4) тармақша "заем қаражатын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) заем қаражатын қоса алғанда, өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шекте және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
      5) тармақшада "Бағдарламаға енбейтiн" деген сөздер "республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Даму Банкi акцияларының мемлекеттiк пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
      өзiнiң қызметiн құқықтық, мүлiктiк және қаржылық жағынан қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен Даму Банкiнiң өзара iс-қимылы процесiн үйлестiредi және оған қатысады;
      Даму Банкiнiң Меморандумды сақтауын бақылайды.";
      7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында, Даму Банкiнiң заемдарын, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын есепке алу, Даму Банкiнiң басқа заемдарын есепке алу және Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда (келiсiмдерде) көзделген Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiне төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшiн банк шоттарын ашу және жүргiзу. Бұл орайда банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалған операциялардың сомасынан артық болмауы тиiс;".
      8-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi";
      1-тармақта "Бағдарламаға енгiзу үшiн ұсынылатын" деген сөздер "осы Заңның 4 бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "жобаны Бағдарламаға енгiзудiң" деген сөздер "инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттiк бюджет қаражаты немесе мемлекеттiк кепiлдiкпен тартылатын мемлекеттiк емес заем есебiнен қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау банк сараптамасының нәтижелері бойынша Даму Банкiнiң оң қорытындысы болған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      9-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы";
      1-тармақта:
      "республикалық бюджеттiң қаражатынан кредиттер алуы" деген сөздер "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан заемдар алуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оларды Бағдарламаға енгiзу жолымен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес iрiктеудi өзі жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады";
      10-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Даму Банкiнiң агент функцияларын орындауы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Даму Банкi агенттiк қызмет көрсетуге өзі жасаған шарттарға сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.";
      2-тармақта "Бағдарламаға енгiзiлген" деген сөздер "Даму Банкi агентi болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "банк-" деген сөз алынып тасталсын, "Бағдарламаның жобаларын" деген сөздер "жобаларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингi";
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Даму Банкi мониторингтi көздеуi мүмкiн агенттiк қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобалардың мониторингiн жүзеге асырады:";
      2) тармақшадағы "Даму Банкiнiң жобаларды iске асыруға берген заемдары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Даму Банкi жыл сайын агенттiк қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкес келуiне баға бере отырып, инвестициялық жобаларды iске асыруға және қаржыландыруға талдау жүргiзедi, экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды береді.";
      12-бапта:
      1-тармақта:
      "жобаларға" деген сөздерден кейiн "және экспорттық операцияларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "проценттiк ставканың" деген сөздер "сыйақы ставкасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "басқа да әдiстерi" деген сөздерден кейiн "Меморандумға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      13-бапта:
      1-тармақтағы ", шарт жасасу жолымен немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтағы "азаматтық" деген сөз алынып тасталсын;
      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      1) оларды одан әрi сату мақсатында Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiн немесе акцияларын өндiрiп алған;
      2) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар құратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
      3) инвестициялық компаниялардың, сақтандыру ұйымдарының және лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.";
      15-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жеке тұлғаларға және қаржы институттарына - екiншi деңгейдегi банктерге, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына, лизинг берушi ұйымдарға және басқа да кредиттiк ұйымдарға кредиттер, сондай-ақ олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруге;";
      2) тармақшадағы "2) және 3)" деген сандар "2), 3) және 5)" деген сандармен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, ұйымдарға есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға, заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;";
      16-бапта:
      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қалыптасады.
      2. Даму Банкiнiң жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының үлесi Даму Банкiнiң құрылтай құжаттарымен айқындалады.
      3. Даму Банкiнiң жарғылық капиталындағы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының әрқайсысының үлесi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, Даму Банкi тiркелген күннен бастап бір жыл iшiнде төленуге тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14 бабына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.";
      20-бапта:
      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ай сайын Даму Банкiне бюджеттiң атқарылуы және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға республикалық бюджеттен бөлiнген кредиттiк ресурстардың игерiлуi туралы есептiлiктi және тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген кредиттiк ресурстардың игерiлуi туралы есептiлiктi".
      21-баптың 2-тармағындағы "ұйыммен" деген сөз "(аудитормен) қаржы жылының қорытындылары бойынша Даму Банкiнiң қызметiне аудит жүргiзу туралы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады