Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының көрсеткен қызметiне ақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 мамырдағы N 444 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының көрсеткен қызметiне ақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының көрсеткен қызметiне уақтылы ақы төлеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкіметiнiң      
2003 жылғы 13 мамырдағы 
N 444 қаулысымен   
бекітілген   

Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының көрсеткен қызметiне ақы төлеу
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының көрсеткен қызметiне ақы төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң), "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына және "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 782 қаулысына сәйкес әзiрлендi және бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшыға (бұдан әрi - тәуелсiз сарапшы) ақы төлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Сарапшымен есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған құжаттарды дайындау және ұсыну

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегі N 782 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес кеден органы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi бойынша бюджетке есептелген кеден төлемдерi мен салықтардың iс жүзiнде түсуiнiң есебiн жүргiзедi.

      3. Тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi бойынша бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеу мақсатында аумақтық кеден органдары мен тәуелсiз сарапшының өкiлдерi агенттiк белгiлеген нысан бойынша тәуелсiз сарапшының ұсынымдары бойынша мөрмен расталатын және басшылардың қолдарымен бекiтiлетiн үш данадағы бюджетке қосымша есептелген кеден төлемдерi мен салықтардың iс-жүзiндегi түсуiн салыстыру актiсiн (бұдан әрi - салыстыру актiсi) ресiмдейдi. Бiрiншi дана аумақтық кеден органында қалады, екiншiсi - тәуелсiз сарапшының өкiлiне, үшiншiсi - Агенттiкке берiледi.

      4. Салыстыру актiлерiн ресiмдеу ай сайын жүргiзiледi және есептiден кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.

      5. Тәуелсiз сарапшының деректерi мен қосымша есептелген кеден төлемдерi мен салықтарының республикалық бюджетке түскен деректерiнiң арасында қосымша есептелген кеден төлемдерi мен салықтардың сомалары бойынша алшақтықтар болған кезде, кейiннен шешiм қабылдау үшiн Агенттiгіне жiберiлетiн еркiн нысандағы келiспеушiлiктер хаттамасы жасалады.

      6. Агенттiк ұсынылған салыстыру актiлерiнiң негiзiнде бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтардың сомаларын жинақтауды және қорытуды жүзеге асырады. Тәуелсiз сарапшы, сондай-ақ өздерiнiң өкiлдерi берген деректердiң негiзiнде қосымша есептелген кеден төлемдерi мен салықтардың сомаларын жинақтауды және қорытуды жүргiзедi. Агенттiк және тәуелсiз сарапшы ұсынылған салыстыру актiлерi бойынша келiсу жүргiзедi және Агенттiк белгiлеген нысан бойынша мөрмен расталатын және басшылардың қолдарымен бекiтiлетiн тәуелсiз сарапшыға сыйақының iс жүзiндегi сомасының жиынтық актiсiн (бұдан әрi - жиынтық актiсi) үш данада ресiмдейді. Бiрiншi дана Агенттiкте қалады, екіншiсi - тәуелсiз сарапшыға, үшiншiсi - аумақтық Қазынашылық органына берiледi.

3. Есеп жүргiзу тәртібі

      7. Сыйақы төлеу жиынтық актiнiң және заңнамада белгiленген тәртіппен Агенттiк пен тәуелсiз сарапшының арасында жасалған шарттың негiзiнде 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптама жүргiзуден республикалық бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтардың 30% (отыз пайызы) мөлшерiнде жүргізiледi.

      8. Қазынашылық органдары арқылы есептер жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегі N 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады