"Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 451 қаулысы

      "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына сәйкес, сондай-ақ мал шаруашылығы саласын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 1 500 000 000 (бip миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында 088 "Мал шаруашылығы өнiмiн өндiруге және оны сатып алуға кредит бepу" бағдарламасы бойынша көзделген 2003 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілейтiн сыйақының тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы бойынша, ақылық, мерзiмдiк, қайтарымдылық және қамтамасыз ету шарттарымен кейiннен "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына кредит беру үшiн 2008 жылға дейiнгi мерзiмге "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына ұзақ мерзiмдi кредит берсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң қатысуымен "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамымен тиiстi кредиттiк келiсiм жасассын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады