Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 888 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 мамырдағы N 453 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 591 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алуды тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 286-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібi туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Облигация шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын және бiрыңғай кепiл ретiнде енгiзiлген, тiркелген, жылжымалы мүлiк кепіліне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ осы кепілдi тоқтату ақы алусыз жүзеге асырылады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады