Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.08 № 645 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: қараңыз.Z110407

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 19 мамырдағы   
N 460 қаулысымен     
бекітілген     

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми ұйымдарды аттестаттау мәселелерін реттейді. қараңыз.Z110407

      2. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін анықтау және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру, ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстың тиімділігін бағалау үшін жүзеге асырылады.

      3. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер бағалауға ұшырайды:
      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері;
      2) әкімшілік-басқару персоналының қызметі;
      3) материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз етілу;
      4) кадр әлеуеті мен ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау;
      5) ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстың жай-күйі.
      4. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің бағыттарын ескере отырып, олардың құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша жүзеге асырылады.

      5. Ғылыми ұйымдар кемінде бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.

  2. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      6. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - Уәкілетті мемлекеттік орган) ғылыми ұйымдарды (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда) аттестаттауды өткізуді ұйымдастырады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

         6-1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ұйымдастырады және өткізеді.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Ғылыми ұйымдарды (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда) аттестаттауды өткізу үшін Уәкілетті мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.
      Аттестаттау комиссияларының құрамын тиісті мемлекеттік орган бекітеді.
      Денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізу үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі  мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Аттестаттау комиссияларының құрамына:
      1) Уәкілетті мемлекеттік органның;
      2) қарамағында ғылыми ұйымдары бар мемлекеттік органдардың және олардың құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдардың;
      3) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ғылыми ұйымдардың;
      4) халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізген кезде шетелдік ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

         8-1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына:
      1) медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі
мемлекеттік органның;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның;
      3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ғылыми ұйымдарды (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда) аттестаттауды өткізу кестесін күнтізбелік жылға Уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және аттестаттау өткізуге дейін үш айдан кешіктірмей ғылыми ұйымдардың назарына жеткізіледі.
      Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізу кестесін медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган күнтізбелік жылға бекітеді және аттестаттау өткізгенге дейін үш айдан кешіктірмей ғылыми ұйымдардың назарына жеткізіледі.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Аттестаттауға жататын ғылыми ұйымдар аттестаттау кестесіне сәйкес аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей 3-тармақта көрсетілген көрсеткіштерді бейнелейтін құжаттарды Комиссияға ұсынады.
      Аттестаттау комиссиялары аттестаттауды қатаң түрде кестеге сәйкес және әрбір ғылыми ұйым үшін 15 күннен аспайтын мерзімде өткізеді.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Аттестаттау комиссияларының ғылыми ұйымдар (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда) құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша Уәкілетті мемлекеттік орган оларды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешімді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган қабылдайды.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Ғылыми ұйымның жекелеген құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша ғылыми ұйымды аттестаттамаған кезде аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін 6 айға дейінгі мерзім беріледі.
      Көрсетілген мерзімде аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жоймаған кезде тиісті мемлекеттік орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшылары алдына олардың одан әрі қызметінің орынсыздығы туралы мәселе қояды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.08. N  370 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдар немесе олардың филиалдары, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары сияқты сол шарттарда және сол тәртіппен аттестаттауға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады