Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 469 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi арасындағы Ұзақ мерзiмді сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы
мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ЖОБА            

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ҰЗАҚ МЕРЗIМДІ
САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi (бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын),

      екi ел арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға орай,
      екi елдегi еркiн кәсiпкерлiк сауда-экономикалық байланыстарды дамытумен қатар, әлеуметтiк даму үшiн қажеттi негiздi қамтамасыз ететiнiн назарға ала отырып,
      өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн екi ел арасындағы қазiргi стратегиялық ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға ұмтыла отырып,
      екi ел арасындағы байланыстарды дамыту өңiрдегi бейбiтшiлiктiң және тұрақтылықтың нығаюына үлес қосатынын мойындай отырып,
      Тараптар мемлекеттерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, сондай-ақ үшiншi ел ынтымақтастық өңiрлiк сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын ескере отырып,
      1997 жылы 10 қыркүйектегi Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және техникалық  ынтымақтастық туралы Келiсiмдi, сондай-ақ екi ел арасындағы қолданыстағы басқа да халықаралық шарттарды негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

I-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаты екi ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, оның дамуына керi әсерiн тигiзетiн кедергiлердi жою болып табылады.

ІІ-бап

     Осы келiсiмнiң қағидаттары:
      а) екi ел шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң өзара ынтымақтастығын дамыту және көтермелеу;
      b) қысқа мерзiмдi сауда-экономикалық байланыстармен қатар ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк қызметтi, өзара инвестицияларды және бiрлескен кәсiпкерлiктi көтермелеу және көтермелеу шараларын қолдануда өзаралық қағидатын сақтау;
      с) тұрақты ақпараттар алмасу және Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы кеден тарифтерi мен олардың кез-келген өзгерiстерi туралы консультациялар өткiзу.

III-бап

      Тараптар өз мемлекеттерi экономикасының өзара толықтыратын құрылымын назарға ала отырып, сауда, өнеркәсiп, энepгетика, тау-кен өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, көлiк және коммуникациялар, қаржы және банк iсi, денсаулық сақтау, туризм салаларында, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында еркiн нарықты экономиканың салыстырмалар басымдықтары мен ереже қағидаттары шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

IY-бап

      Осы Келiсiм шеңберiндегi сауда-экономикалық қатынастар осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн Тараптар әзiрлейтiн Ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) мен Ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарына (бұдан әрi - Iс-қимыл Жоспары) сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарлама мен Іс-қимыл жоспары Тараптардың дипломатиялық арналар арқылы мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң аяқталғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнi күшiне енедi.

Y-бап

      Бағдарлама мен Іс-қимыл жоспары шеңберiнде жүзеге асырылатын
iс-шараларды, сондай-ақ жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыруға жауапты институттарды қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi және түркиялық тарапынан - Түркия Республикасының Премьер-Министрi аппараты жанындағы сыртқы сауда iстерi жөнiндегi Кеңесшi Аппараты үйлестiретiн (бұдан әрi - Yйлестiрушi органдар) болады.
      Yйлестiрушi органдар:
      а) Бағдарлама мен Іс-қимыл жоспарын iске асыруға қатысты мемлекеттiк және жеке сектор институттарының қызметiн үйлестiру;
      b) Бағдарлама мен Iс-қимыл жоспары шеңберiндегi дамуды, пайда
болуы мүмкiн проблемаларды, сондай-ақ екi жақты қатынастарды жақсарту үшiн қабылдануы қажеттi шараларды қоса алғанда, iске асыру
және бағалау жөнiндегi есеп дайындау.

YI-бап

      Бағдарлама мен Іс-қимыл жоспарында көрсетiлген iс-шараларға жауапты институттар тұрақты түрде, әр үш айда Yйлестiрушi органдарға қол жеткiзiлген нәтижелер мен iске асыру проблемалары туралы, сондай-ақ жаңа тиiмдi жобалар бойынша есептi бередi.
      Yйлестiрушi органдар жоғарыда аталған Iске асыру және бағалау жөнiндегi есептермен әр алты ай сайын алмасып отырады.

YIІ-бап

      Осы Келiсiмнiң Y/b-бабында қаралатын iске асыру және бағалау жөнiндегi есептер Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасында 1993 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылған экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі үкiметаралық комиссия
құру туралы Хаттамаға сәйкес қалыптасқан экономикалық ынтымақтастық
жөнiндегi қазақстан-түркия үкiметаралық комиссиясының мәжiлiстерi шеңберiнде пысықталатын болады.
      Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия мәжiлiстерiнде қажет болған жағдайда Бағдарлама мен Іс-қимыл
жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
      Егер, экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия мәжiлiсi тұрақты негiзде өткiзiлмесе, Yйлестiрушi органдар
Бағдарлама мен Iс-қимыл жоспары шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шаралардың iске асырылуын қадағалау нысаны мен тәртiбiн белгiлейтiн және қажеттi шараларды айқындайтын болады.

YIІІ-бап

      Осы Келiсiмнiң YII-бабына сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген Бағдарлама мен Iс-қимыл жоспары осы Келiсiмнiң IY-бабында көзделген рәсімдерді жүргізу жолымен күшіне енеді.

IX-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар және/немесе келiссөздер жолымен шешетiн болады.

X-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру Тараптар жасасқан басқа
да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi
қозғамайды.

XI-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделу жолымен енгiзiледi.

XII-бап

      Осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн тоқтату осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн тоқтатуға дейiн басталған жобалардың жүзеге асырылуына әкеп соқтырмайды.

XIII-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi, Тараптардың мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi.

XIV-бап

      Кез-келген Тарап екiншi Тарапты жазбаша нысанда хабардар ету жолымен осы Келiсiмнiң әрекетiн тоқтата алады. Бұл жағдайда Осы Келiсiмнiң әрекетi мұндай хабарлама алған күннен бастап 6 ай өткен соң тоқтатылады.
      2003 ж. "___" ________  ____________ қаласында екi данада түрiк, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Осы Келiсiмдi түсiндiруде келiспеушiлiктер болған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының      Түркия Республикасының
      Yкіметi үшiн                   Yкіметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады