Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2002 жылғы 28 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы атқару хаттамасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы
АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы,
әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында және 2002 жылғы 14 наурыздағы Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес,
мыналар туралы келiстi:
Түрiк Республикасының Бас штабы Келiсiмнің 2-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жалпы сомасы 1333500000000 (бip триллион үш жүз отыз үш миллиард бес жүз миллион) АҚШ долларына баламалы түрiк лирасына мынадай тiзбеге сәйкес материалдар бередi:
__________________________________________________________________
р/с Атауы Есепке Саны
N алу бірлігі
__________________________________________________________________
1 2 3 4
__________________________________________________________________
1. LANDROVER Defender - 110 автомобилi Бірлік 4
(аmbulans)
2. LANDROVER Defender - 110 автомобилi Бiрлiк 6
3. Асельсан (SK 4024) радиостанциясы Дана 8
4. Көшпелi Асельсан (SK 4034) Дана 2
радиостанциясы
5. Сканер Дана 1
6. "Инмарсат мини" спутниктік терминалы Жиынтық 4
7. Транкингтiк жүйелергe телефонды байланыс Жиынтық 2
8. Байланыс құралдарына жөндеу жиынтықтары 150 000 AҚШ
доллары
сомасына
9. Байланыстың транкингтiк жүйесiн тестiлеу Жиынтық 2
үшiн өлшеу құралы
10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс 75 000 АҚШ
министрлiгiнiң телерадиокешенi үшiн доллары
жабдықтар сомасына
11. Pentium IV компьютерлерi Жиынтық 20
__________________________________________________________________
1. Осы Атқару хаттамасының шеңберiнде техникалар мен жабдықтарды Түрiк Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына дейiн жеткiзуге және кедендiк ресiмдеуге, байланысты барлық шығыстарды түрiк Тарабы өзiне қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында Осы Атқару хаттамасының 1-бабында көрсетiлген техникалар мен жабдықтарды кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Атқару хаттамасы 2002 жылғы 14 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Атқару хаттамасын iске асыруды Қазақстан Республикасындағы Түрiк Республикасының Елшiлiгi жанындағы Әскери атташенiң аппараты жүзеге асыратын болады.
Осы Атқару хаттамасының ережелерiн талқылау немесе қолдану кезiнде даулар және қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.
Осы Атқару хаттамасына Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Атқару хаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетiн жекелеген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкін.
Осы Атқару хаттамасы Тараптардың оның күшіне енуi үшін қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшіне енедi.
2002 жылғы 28 қазан Астана қаласында әрқайсысы қазақ түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтіндердің күшi бiрдей. Осы Атқару хаттамасының ережелерiн түсіндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтiнге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Қорғаныс министрлiгi үшін Бас штабы үшін