Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмек беруi туралы хат алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi Ғалымқайыр Мұтановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметі арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмек беруi туралы хат алмасу нысанындағы келiсiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
(РҚАО-ның ескертуі: Келісімнің жобасы қоса берілмеген)