Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына жарылғыш материалдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 521 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сай номенклатура мен санда Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына 2003 жылғы 5 сәуiрдегі N 11-ТИ-03 келiсiм-шарт бойынша "Химзауыт" ашық үлгiдегі акционерлiк қоғамы (Тәжiкстан Республикасы, Исфара қаласы) үшiн "Т.О.Р." (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) жабық акционерлiк қоғамы беретiн жарылғыш материалдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен жарылғыш материалдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2003 жылғы 3 маусымдағы  
N 521 қаулысына     
қосымша       

2003 жылғы 5 сәуiрдегi N 11-ТИ-03 келiсiм-шарт бойынша "Химзауыт" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Тәжiкстан Республикасы, Исфара қаласы) үшін "Т.О.Р." (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) жабық акционерлiк қоғамы беретiн жарылғыш материалдың номенклатурасы мен саны

________________________________________________________________
Р/с     Берiлетiн      СЭҚ TH   Өлшем   Саны  0 % ҚҚС-   Жалпы
N        жарылғыш       коды   бiрлiгi        пен, бiр  құны АҚШ
      материалдардың                           бiрлiк  долларымен
      номенклатурасы                            үшін
        мен атауы                              бағасы
                                                АҚШ
                                              долларымен
________________________________________________________________
1   1 МЕМСТ 4117-78   360200000  тонна  400,0   670,0   268000,0
    қабыршақталған
    тротил
________________________________________________________________

Шекаралық өту пункттерi: Илецк-1 станциясы (Ресей Федерациясы) - Луговая станциясы (Қазақстан Республикасы)
Жөнелту пунктi: Чапаевск станциясы (Ресей Федерациясы)
Баратын жерi: Исфара станциясы (Тәжiкстан Республикасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады