Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 154-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
6-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген шегiнде облыстар, Астана мен Алматы қалаларының арасында бөлуге";
7-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) тиiстi әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бepу, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұру және керi қайтарып алу;
11-бапта:
2-тармақ алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi