Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтi (ауылшарқызметi) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң грантын беру туралы Келiсiмдi және Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтi (ауылшарқызметi) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң грантын беру туралы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң хатын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтi
(ауылшарқызметi) қолдау" жобасын дайындауға арналған
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң грантын
беру туралы Келiсiмдi және Қазақстан Республикасына
"Агросервистiк қызметтi (ауылшарқызметi) қолдау "
жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкiнiң грантын беру туралы Келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң
хатын бекiту туралы
1-бап. 2001 жылғы 18 мамырда Астана қаласында қазақстан тарабы қол қойған Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтi (ауылшарқызметi) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнің грантын беру туралы Келiсiм және 2002 жылғы 24 шілдеде Астана қаласында қазақстан тарабы қол қойған Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтi (ауылшарқызметi) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң грантын беру туралы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнің хаты бекiтiлсiн.
2-бап. Осы Заң Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтi (ауылшарқызметi) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнің грантын беру туралы Келiсiмге қазақстан тарабы қол қойған күннен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi