"Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 663 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасы Президентінің
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы"
заң күші бар Жарлығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы"

       1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      мәтінде "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлығымен" деген сөздер "Заң", "Заңының", "Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-бапта:
      9) тармақшада "мәдениет" деген сөзден кейін ", туризм" деген сөзбен толықтырылсын;
      12) тармақша "кадастрларын" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көліктік қызмет көрсету мен жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар құруға тыйым салынады.";
      32-бапта:
      5) тармақша "мәдениет" деген сөзден кейін ", туризм" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көліктік қызмет көрсету мен жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;".
       2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы Заңға сәйкес келтірілуге тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады