Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат бepу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 727 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына 2003 жылғы 4 наурыздағы N 03-СВК/03-Э келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда "Интерхим" жабық акционерлiк қоғамына (Қара-Балта қаласы, Қырғыз Республикасы) "Сибвзрывкомплект" жабық акционерлiк қоғамы (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 727 қаулысына   
қосымша       

2003 жылғы 4 наурыздағы N 03-СВК/03-Э келiсiм-шарт
бойынша "Интерхим" жабық акционерлiк қоғамы
(Қара-Балта қаласы, Қырғыз Республикасы)
"Сибвзрывкомплект" жабық акционерлiк қоғамы
(Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы)
беретiн тауарлардың саны

___________________________________________________________________
Р/с|   Тауардың  |  СЭҚ ТН  | Өлшем | Саны  |  Бiрлiк   |  Құны
N  |    атауы    |   коды   |бiрлігі|       |  бағасы   |   АҚШ
   |             |          |       |       |   АҚШ     |долларымен
   |             |          |       |       |долларымен |
___________________________________________________________________
1  Аммонит 6ЖВ    360200000    тн     250,0    600,0     150000,0
   ұнтақ МЕМСТ
   1984-76

2  Граммонит      360200000    тн     60,0     475,0     28500,0
   79/21 МЕМСТ
   21988-76

   Жиыны                                                 178500,0
___________________________________________________________________

Жөнелту пунктi: Черкасов Камень стансасы (Ресей Федерациясы).
Белгiленген пунктi: Желарық стансасы (Қырғыз Республикасы).
Шекаралық өту пункттерi: Локоть стансасы (Ресей Федерациясы) - Луговая стансасы (Қазақстан Республикасы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады