Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 787 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне өзгерiстер мен толықтырулардың жобасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 737 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынған, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 787 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне өзгерiстер мен толықтырулардың жобасы мақұлдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                            Жоба

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

Алматы қаласы,       2003 жылғы "__"________         N ____

Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлігінде N 1568 тiркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының "Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын жүзеге
асыру ережесiн бекiту туралы"
2001 жылғы 20 маусымдағы N 237
қаулысына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлік басқарудың тиiмділігiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1568 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің "Қазақстан Ұлттық Банкiнің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2 - 15 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстерiмен бiрге) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру epeжесіндe:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Salomon World Government Bond ex Japan Index индексi 60% USD hedged (90 процент) қосылған Salomon World Government Bond Japan Index 60% USD hedged (10 процент) (бұдан әрi - customized SWGB Index 60% USD hedged) - Жапонияны қоспағанда, дамыған елдердің мемлекеттiк облигацияларының 90 процентiнен тұратын Salomon Smith Barney компаниясының индексi және АҚШ долларына қарағанда 60 процентке хеджирленген өтеу мерзiмi бiр жылдан астам Жапония мемлекеттiк облигацияларының 10 процентi. Бағалы қағаздардың индекстегi құрамы рыноктық капиталдандыру негiзiнде ай сайын өзгеріп отырады. Кiрiстілік пен тәуекел көрсеткіштерi күн сайын есептеледi.";
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Lehman Global Aggregate (LGA) индексi - мемлекеттiк, агенттiк, корпоративтiк бағалы қағаздардан, сондай-ақ активтер кепiлiмен бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлік кепiлiмен бағалы қағаздардан тұратын Lehman Brothers компаниясының индексi.";
      11-тармақтағы кесте:
      мынадай мазмұндағы оныншы жолмен толықтырылсын:

ВВВ                             Ваа

      мынадай мазмұндағы он үшiншi жолмен толықтырылсын:

А-2                             Р-3

      24-тармақтағы "20%-нен кем болмауы" деген сөздер "600 млн. АҚШ долларынан аспайтын болуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      36-тармақ алынып тасталсын;
      40-тармақтағы "12 айдан" деген сөздер "10 жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      41-тармақтағы "0.75" деген сан "1" деген санмен ауыстырылсын;
      "Тұрақтандыру портфелінің негiзгi өлшемдерi" деген 4-тарау мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:
      "42-1. Валюталық бөлу бөлінісiнде тұрақтандыру портфелiнің ең көп дегенде 30 процент активтерi customized SWGB Index 60% USD hedged индексiне енетiн елдердің АҚШ долларынан өзгеше валюталарына деноминацияланған активтерге инвестициялануы мүмкiн.;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Жинақ портфелi үшiн мыналардан тұратын индекс эталондық портфель болып саналады:
      1) 75 процентi - customized SWGB Index 60% USD hedged және
      2) 25 процентi - МSСI World Index excluding Energy.";
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "47. Жинақ портфелiнің белгiленген кiрiсi бар бағалы қағаздар портфелi үшiн customized SWGB Index 60% USD hedged индексi эталондық портфель болып саналады.";
      48-тармақ "Инвестициялар" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарын қоспағанда, customized SWGB Index 60% USD hedged және LGA индексi" деген сөздермен толықтырылсын;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Бағалы қағаздың корпоративтiк эмитентiнің ең төмен ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингі - А/А2-ден ВВВ-ға дейiн. Ақша рыногы корпоративтiк бағалы қағаздарының ең төмен қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi - А2/Р3. Портфельдің ең көп дегенде 2 процентi ВВВ-дан А- -ға дейiнгi ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар корпоративтiк бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн. Портфельдің ең көп дегенде 4 процентi А- -дан А+ -ға дейiнгi ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингі бар корпоративтiк бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн. Портфельдің ең көп дегенде 6 процентi А+ -дан АА- -ға дейiнгi ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар корпоративтiк бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн. Портфельдің ең көп дегенде 10 процентi AA- -дан жоғары ұзақ мерзiмді кредиттiк рейтингi бар корпоративтiк бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн. Жылжымайтын мүлiк (MBS) немесе активтер (ABS) кепiлiмен бағалы қағаздардың ААА-дан ВВВ-ға дейiнгi - Standard & Poor's немесе Ааа-дан Ваа-ға дейiнгi Moody's кредиттiк рейтингi болуы тиiс.";
      62-тармақтағы "150" деген сан "300" деген санмен ауыстырылсын;
      67-тармақтағы "2" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 тамыздан бастап күшiне енедi.
      3. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Үкiметiнің
      2003 жылғы "__"_______
      N ___ қаулысымен
      мақұлданған

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады