Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 шілдедегі N 765 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 14 қазандағы N 1257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 41, 391-құжат);
      2) "Автокөлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 31 қазандағы N 1319 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 415-құжат);
      3) "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 29 шілдедегi N 718 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 25, 216-құжат).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады