1. 2001 жылғы 29 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң бiлiм беру қызметiн лицензиялау, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды үйлестiру туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң бiлім беру қызметiн лицензиялау, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды
үйлестiру туралы
КЕЛIСIМ
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi, бұдан әрi - Тараптар,
1992 жылғы 15 мамырдағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің ережелерiн және 1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының бiрыңғай (ортақ) бiлiм беру кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы білiм беру саласындағы тығыз байланысты ескере отырып,
бiлiм беру сапасын қамтамасыз ету үшiн бiрыңғай көзқарастарды қалыптастыруда және бiлiм беру сапасын қамтамасыз етудің мемлекетаралық жүйесiн жасауда Тараптардың өзара іс-қимылының қажеттілігін тани отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Тараптар бiлiм беру сапасын қамтамасыз етудің бiрыңғай талаптарын белгiлеу үшiн шараларды қабылдайды және бiлiм беру қызметiн лицензиялау, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы келiсiлген қағидаттарды ұстанады.
Тараптар сапалы бiлiм берудi қамтамасыз етуде бiрыңғай талаптарды белгiлеу мақсатында:
бiлiм беру қызметiн лицензиялау, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы ұлттық заңнаманы және өзге де нормативтік кесімдердi жақындастыруға қатысты шараларды қабылдайды;
Тараптар мемлекеттерiнің бiлім беру қызметiн лицензиялау, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы өзара iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастырады.
Тараптар бiлiм беру сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi бiлiм беру мекемелерiне бiлiм беру қызметiн лицензиялауды жүргiзуге, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеуге қойылатын талаптарды әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ аккредиттелiнген бiлiм беру мекемелерiнiң (аккредиттеу рәсiмдерiн жүргiзу заңнамаларында көзделмеген мемлекеттер үшiн - аттестатталған) деректер банкін құру кезінде өзара iс-қимыл жасайды.
Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес:
бiлiм беру қызметiн лицензиялау, бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу туралы нормативтiк құқықтық база мен әдiстемелiк құжаттарға өзара қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;
бiлiм беру қызметiн лицензиялау, бiлiм бepу мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы бiрлескен жобаларды iске асыру тетiгiн белгілейдi;
Тараптар мемлекеттерiнiң бiлiм беру мекемелерiне бiрлесiп аттестаттау және аккредиттеу жүргiзуге жәрдемдеседi.
Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кеңес жүзеге асырады.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға жауапты Тараптар мемлекеттерiнің орталық бiлiм берудi басқару органдары болып табылады.
Осы Келiсiм Тараптардың олардың қатысушылары болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Осы Келiсiмдi қолдану мен түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялары және келіссөздерi жолымен шешiледi.
Осы Келiсiм, оған оның ережелерiн танитын басқа да мемлекеттердi қосу үшiн, мұндай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру жолымен ашық.
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарий алған күнiнен бастап күшiне енедi. Мемлекетiшілік рәсiмдердi кейiннен орындаған Тараптар үшiн ол тиiстi құжаттарды депозитарийге тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiмге Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 10-бабында белгiленген тәртiпке сәйкес күшiне енетiн Хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкін.
Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы қолданылады және, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.
Кез келген Тарап осы Келiсiмнен шығуына алты ай қалғанға дейiн осы туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жолдай отырып шығуы мүмкін.
2001 жылғы 29 қарашада Мәскеу қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесiн осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiбередi.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Yкiметi үшін Yкiметi үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Грузия Түркiменстан Республикасының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Қырғызстан Республикасының Украина Республикасының
Yкiметi үшін Yкiметi үшін