Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетi арасындағы Кувейт Мемлекетiнiң аумағындағы жарылмаған оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз ету әрi суды тазарту пункттерiн жабдықтау жөнiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң инженерлiк-саперлiк жасағының Кувейт Мемлекетiне көмек беруi туралы (хаттар алмасу нысанындағы) келiсiмге қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетi
арасындағы Кувейт Мемлекетiнiң аумағындағы
жарылмаған оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз
ету әрi суды тазарту пункттерiн жабдықтау
жөнiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң
инженерлiк-саперлiк жасағының Кувейт Мемлекетiне
көмек бepуi туралы (хаттар алмасу нысанындағы)
келiсiмге қол қою туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетi арасындағы Кувейт Мемлекетiнiң аумағындағы жарылмаған оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз ету әрi суды тазарту пункттерiн жабдықтау жөнiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң инженерлiк-саперлiк жасағының Кувейт Мемлекетiне көмек беруi туралы (хаттар алмасу нысанындағы) келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Асқар Ахметұлы Мусиновқа Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетi арасындағы Кувейт Мемлекетiнiң аумағындағы жарылмаған оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз ету әрi суды тазарту пункттерiн жабдықтау жөнiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң инженерлiк-саперлiк жасағының Кувейт Мемлекетiне көмек беруi туралы (хаттар алмасу нысанындағы) келiсiмге Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Жоба
Кувейт Мемлекетiнiң аумағындағы жарылмаған
оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз ету
пункттерiн жабдықтау, сондай-ақ суды тазарту
жөнiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң
инженерлiк-саперлiк отрядының Кувейт Мемлекетiне
көмек беруi туралы Қазақстан Республикасы мен
Кувейт Мемлекетi арасындағы (хаттар алмасу нысанындағы)
Келісім
Жоғары Мәртебелi,
Шейх Джабер Әл-Мубарак Ах-Хамад Ас-Сабахқа
Кувейт Мемлекетiнiң Вице-Премьер-Министрi,
Қорғаныс министрi
Эль-Кувейт қаласы
2003 жылғы "__"_______
N _______
Жоғары Мәртебелi,
Мен Кувейт Мемлекетiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң инженерлiк-саперлiк отрядының болуына қатысты және оны Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетiнiң аумағында орналастыруына байланысты Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетi өкiлдерiнiң арасында болған келiссөздерге сiлтеме жасауды өзiме абырой санаймын.
Бiздiң екi мемлекетiмiздiң арасындағы берiк және ұзақ мерзiмдi байланыстарды, сондай-ақ Кувейт Мемлекетiнiң аумағында жарылмаған оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз ету пункттерiн жабдықтау, сондай-ақ суды тазалау жөнiнде Қазақстан Республикасының көмек беруiне Кувейт Мемлекетiнiң мүдделiлiгiн назарға ала отырып, мен Кувейт Мемлекетiнiң аумағында жарылмаған оқ-дәрiлердi жою және сумен қамтамасыз ету пункттерiн жабдықтау, сондай-ақ суды тазалау жөнiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң инженерлiк-саперлiк отрядының Кувейт Мемлекетiне көмек беруi туралы Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасында (бұдан әрi - Тараптар) мынадай мазмұнда келiсiм жасасуды ұсынуды өзiме абырой санаймын:
1. Анықтама
Осы Келiсiмде қолданылатын терминдер:
а) Отряд - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi штабтары бастықтарының комитетi қолбасшылық жасайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң инженерлiк-саперлiк отряды;
b) қазақстандық Тараптың жеке құрамы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметкерлерi, олар Кувейт Тарапының келiсiмi бойынша заңды негiзде Кувейт Мемлекетiнiң аумағында орналасады, сондай-ақ осы Келiсiмге байланысты Кувейт Мемлекетiне жiберiлген Қазақстан Республикасының кез келген азаматтық өкiлдерi;
с) құпия ақпарат - осы Келiсiмнiң тақырыбына қатысты және Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес құпиялық белгiсi бар оперативтiк, коммерциялық немесе ғылыми-техникалық сипаттағы ақпарат.
2. Мақсаты
Отряд Кувейт Мемлекетiне төмендегiдей мақсатта жiберiледi:
а) жергiлiктi жерлерде жарылмаған оқ-дәрiлердi iздестiру, табу, белгiлеу;
b) жарылмаған оқ-дәрiлердi жою;
с) сумен қамтамасыз ету пункттерiн жабдықтау және суды тазарту.
3. Орналастыру орны және тәртiбi
1. Отряд Кувейт Мемлекетiнiң аумағында орналастырылады.
2. Отряд Кувейттiк Тараппен келiсiлгенiндей орналасқан жерлерiнде және тапсырмаларды орындау аудандарында өзiнiң функцияларын атқарады.
4. Орналастыру мерзiмi
Отряд Кувейт Мемлекетiне алты ай мерзiмге жiберiледi. Отрядтың Кувейт Мемлекетiнiң аумағында болу мерзiмi осы Келiсiмнiң Қорытынды ережелерiнiң 2-тармағына сәйкес ұзартылуы мүмкiн.
5. Отрядтың қызметiн қаржыландыру
Егер Тараптар өзгеше келiспесе, Отрядтың қызметiн қаржыландыруды қазақстандық Тарап жүзеге асырады.
6. Отрядтың саны және құрылымы
1. Отрядтың санын 27 әскери қызметкер құрайды.
Отрядтың құрылымы:
а) Отрядтың басшылығы - 6 адам;
b) инженерлiк-саперлiк топ - 7 адам;
с) сумен жабдықтау тобы - 7 адам;
d) қамтамасыз ету тобы - 7 адам.
2. Қару-жарақтың қажеттi түрлерi мен саны:
___________________________________________________________________
Атауы | Өлшем | Саны
___________________________________________________________________
Артиллериялық қару-жарақ | |
___________________________________________________________________
Атыс қаруы | |
___________________________________________________________________
- 5,45 мм AKC-74 автоматтары дана 25
- белгi беретiн патрондарды атуға арналған дана 3
15 мм қарапайым құрал
Инженерлiк қару-жарақ құралдары
Инженерлiк техника
ИМП, РВМ үлгiсiндегі тасымалдайтын мина iздегiштер дана 6
ОГФ үлгiсiндегi магниттiк iздегiштер дана 1
ПИР-20 үлгiсiндегi перископтар дана 1
ПБУ үлгiсiндегі перископтар дана 1
ДСП-30 үлгiсiндегi саперлiк алыстан өлшеуiштер дана 1
KP-И инженерлiк миналарды залалсыздандыру саны 3
жиынтықтары
МРИВ үлгiсiндегi инженерлiк қару-жарақты жөндеу дана 1
жөнiндегi шеберханалар
ВФС-10 үлгiсiндегі сүзгiш станциялар саны 2
СП-4901 үлгiсiндегi өздiгiнен тиегiш дана 1
MKT үлгiсiндегi жасырып - бүркемелеу жиынтықтары саны 4
Тiркемелiк ЭСБ-12-ВС электр станциясы саны 1
Жинақтамалы АБ-1/23 О/В элекр станциясы саны 1
AБ-4-ВО элекр станциясы саны 1
N 77 жиынтықтары саны 3
КПМ үлгiсiндегi қопарғыш машинкалар дана 3
P-353 үлгiсiндегi омметрлер дана 1
Жеке қорғану құралдары
Жалпы әскерлiк сүзгiш противогаздар дана 28
Респираторлар дана 28
Жалпы әскерлiк қорғаныш плащтары дана 25
Қорғаныш шұлықтары жұп 25
Жазғы қорғаныш қолғаптары жұп 25
Радиациялық және химиялық барлау құралдары
Ренттенометрлер-радиометрлер дана 1
Дозаны жалпы әскерлiк өлшегiш жиынтықтар саны 1
Химиялық әскери барлау құралдары дана 1
Арнайы өңдеу құралдары
Арнайы өңдеуге арналған ДК-4 жиынтықтары, саны 8
автомобильдiк
"Моторола", "Кенвуд" үлгiсiндегi радиостанциялар саны 11
"Моторола", "Кенвуд" үлгiсiндегi радиостанцияларға саны 11
қуат беретiн құрылғылар
"ТОМСОН" үлгiсiндегi радиостанциялар саны 2
"TOMCOH" үлгiсiндегi радиостанциялар қуат беретiн саны 2
құрылғылар
"Инморсат" үлгiсiндегi спутниктiк терминал саны 1
"Турая" үлгiсiндегi спуниктiк терминал саны 2
Автомобильдiк техника
Автомобильдер дана 8
Жеңiл автомобильдер дана 1
Қызмет бабындағы жұмысты қамтамасыз ететiн дана 1
Ландровер
Жүк автомобильдерi дана 2
ЗИЛ-131 дана 2
Арнайы автомобильдер дана 5
ЗИЛ-131 дана 5
Тiркемелер дана 6
1-П-1,5 үлгiсiндегi автотiркемелер дана 4
2-ПН-4 дана 2
Заттай мүлiктер
УСТ-56 палаткiлерi саны 2
Лагерлiк палаткiлер саны 4
Тылды техникалық құралдар
ПП-40 тасымалданатын асхана дана 1
ТВН-12 термостары дана 3
ЦВ-4 тасымалданатын суға арналған цистерналар дана 4
___________________________________________________________________
7. Отрядтың құқықтық мәртебесi
және оның қызметiне бақылау жасау
1. Осы Келiсiмнiң ережелерi осы Келiсiмге сәйкес тапсырмаларды орындау үшiн iске қосылған жеке құрамды, жауынгерлiк техника мен қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жер үстi көлiк құралдарын, кемелердi және ұшақтарды қоса алғанда, осы Келiсiмнiң 1-бабында белгiленгенi сияқты Отрядқа қолданылатын болады.
2. Кувейт Мемлекетiнiң аумағындағы әскери бөлiмшелердiң жеке құрамына Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Вена конвенциясына сәйкес әкiмшiлiк және техникалық персонал үшiн көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi.
3. Отрядтың киiм-кешектiң әскери түрiне, көлiк құралдарына және жабдықтарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының, сондай-ақ Мемлекеттiк Елтаңбасының бедер-бейнесiн түсiруге құқығы бар.
4. Отрядтың жеке құрамы әскери үлгiде киiнедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаруды иемденуге, сондай-ақ өзiмен бiрге алып жүруге құқылы.
5. Кувейт Тарапы алымдарды өндiрiп алмастан және емтихан тапсыртқызбастан Қазақстан Республикасының құзыретті органдары Отрядтың жеке құрамына берген жүргiзушi куәлiктерiнiң жарамдылығын таниды.
6. Кувейт Мемлекетiнiң аумағы бойынша отрядтың жеке құрамының жүрiп-тұруы Кувейт Мемлекетiнiң құзыреттi органдары берген куәлiктер бойынша жүзеге асырылады.
8. Отрядтың Кувейт Мемлекетiне/нен
келуінiң/кетуiнiң тәртiбi
1. Отрядтың Кувейт Мемлекетiне/нен келуiнiң/кетуiнiң рәсiмi Кувейт Мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес және Тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн болады.
2. Тараптардың тиiстi құзыреттi органдары бiрлесе отырып, Кувейт Мемлекетiнiң аумағына отрядтың жеке құрамының, әскери техниканың және қару-жарақтың келуi мен кетуi рәсiмiн белгiлейтiн болады.
3. Шекаралық бақылау Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы келiсiлген рәсiмге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
4. Отрядтың жеке құрамында, егер келу жалпы тiзiм бойынша жүзеге асырылатын болса, Қазақстанның құзыреттi органдары берген фотокарточкасы бар жеке басының ресми куәлiгi, ал бөлiмше командирiнде - жарамды ұлттық паспорт болуы тиiс.
5. Отрядтың әскери қызметкерлерi өздерiнiң тапсырмаларын орындау үшiн қажеттi қаруды, әскери техниканы, басқа да мүліктi тасымалдауды кедендiк және шекаралық бақылау жасаудың белгiленген рәсiмiн сақтай отырып, Кувейт Мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес, Кувейт Мемлекетiнiң мемлекеттiк шекарасын кесiп өтудi жүзеге асырады.
6. Кувейт Мемлекетiнiң құзыреттi органдары Кувейт Мемлекетiне/нен Отрядтың құрамының, автокөлiктiң, әскери техника мен қару-жарақтың келуiне/кетуiне жәрдем көрсетуi тиiс.
7. Отрядтың жер үстi көлiк құралдары және Қазақстанның әуе кемелерi Кувейт Мемлекетiне/нен келуi/кетуi кезiнде және оның аумағында болуы кезiнде лицензиялануға және тiркелуге тиiстi емес.
8. Отряд және оның мүлкi Кувейт Мемлекетiне/нен келуi/кетуi кезiнде және оның аумағында болуы кезiнде айлақтарды, автожолдарды, темiржолдарды және әуежайларды пайдаланғаны үшiн баждарды, салықтарды және басқа да алымдарды төлеуден босатылады.
9. Отрядтың жүрiп-тұру бағыттары
Тараптардың құзыреттi органдары алдын ала Кувейт Мемлекетiнiң аумағы бойынша Отрядтың жүрiп-тұру бағыттарын және осындай жүрiп-тұру үшiн қажеттi ресурстарды жоспарлауды қоса алғанда, өзара iс-қимылдың тәртiбiн келiседi.
10. Кедендiк ресiмдеу
Әскери техниканы, қару-жарақты, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды, тамақ өнiмдерiн, сусындарды және басқа да осындай мүлiктердi Кувейт Мемлекетiнiң кедендiк аумағына/нан әкелудi/әкетудi кедендiк ресiмдеу мынадай жолмен жүзеге асырылады:
а) халықаралық үлгiдегi жарамды көлiктiк жүк құжатына сәйкес тасымалданатын мүлiк, бұл орайда жүк кеден қызметiнiң органдары өндiрiп алатын кедендiк баждарды және салықтарды төлеуден босатылады;
b) Отряд командирi кедендiк заңнамаға сәйкес декларация толтырады.
11. Iшкi iстерiне араласпау
Отрядтың басшылығы және жеке құрамы Кувейт Мемлекетiнiң егемендiгiн құрмет тұтатын болады, оның заңдарын сақтайды және Кувейт Мемлекетiнiң iшкi iстерiне араласпайды.
12. Құқықтық өкiлеттік
1. Тараптардың бiрде бiрi өзiнiң әскери бөлiмшесi шеккен зиянға (қазаға соқтырған жағдайларды қоса алғанда), мүлiктiң бүлiнуiне немесе шығынына қатысты, егер осындай зиян, қаза, бүлiну немесе шығын осы Келiсiмге байланысты қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында екiншi Тараптың өкiлдерiнiң әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң салдарынан болса, екiншi Тараптың немесе екiншi Тараптың Қарулы Күштерiнiң жеке құрамына қуыным бермейтiн болады. Алайда, Отряд Отряд пайдаланған Кувейт Мемлекетiнiң жабдықтары мен ғимараттарын, олар қандай күйде берiлсе, сондай жағдайда қайтаруы тиiс және оларды тиiстi түрде пайдаланбауға байланысты туындаған кез келген бүлiну мен шығынды өтеуi тиiс.
2. Қазақстандық Тарап осы Келiсiмге сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты емес жағдайларда, Отрядтың кез келген әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен келтiрiлген зияндарға қатысты үшiншi тараптың қуынымдарын шешуге және олар берiлген жағдайда осы қуынымдардың сотта тиiстi түрде қаралуына жәрдемдесу үшiн күш-жiгер жұмсайтын болады.
3. Отрядтың қызметiне жәрдем көрсететiн Кувейт Мемлекетi компанияларының жеткiзушiлерi, өкiлдерi және азаматтары Кувейт Мемлекетiнiң азаматтық және қылмыстық заңымен жұмыс iстейдi.
13. Құпия ақпарат
1. Тараптар осы Келiсiмнiң қолданылуы кезеңiнде құпия ақпаратпен алмасуды жүзеге асыра алады.
2. Тараптар құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолданады.
14. Отрядтың жеке құрамына өтемақы
сомаларын төлеу және медициналық көмек көрсету
1. Отрядтың жеке құрамына өтемақы сомаларын төлеудi қазақстандық Тарап қамтамасыз етедi.
2. Отрядтың жеке құрамына қажет болған жағдайда Кувейт Тарапы азаматтық немесе әскери госпитальдарда ақысыз негiзде медициналық көмек көрсетедi.
15. Отрядты шығарудың шарттары
Кувейт Тарабы кез келген уақытта Отрядты өз аумағынан шығаруды талап ете алады. Қазақстандық Тарап Кувейт Тарапының атына хабар берiлгеннен кейiн кез келген уақытта Отрядты шығару құқығын өзiнде қалдырады.
16. Дауларды шешу
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дауларды Тараптардың өкiлдерi консультациялар арқылы шешетiн болады.
17. Қорытынды ережелер
1. Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетiнiң заңнамаларына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаның күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм алты ай мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде бiрi тиiстi кезең аяқталардан бiр ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарламаса, оның қолданысы келесi үш айлық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.
3. Тараптардың өзара жазбаша келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын хаттамалармен ресiмделедi, сондай-ақ осы Келiсiмнiң Қорытынды ережелерiнiң 1-тармағында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн болады.
4. Осы Келiсiм қазақ, араб және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сонымен бiрге барлық мәтiндер теңтүпнұсқалар болып табылады. Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiралшақтығы туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Мен егер жоғарыда баяндалғандар Кувейт Мемлекетi үшін қабылдауға тұратындай болса, осы хат және жоғары Мәртебелi Сiздiң жауабыңыз Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетi арасындағы Келiсiмдi құрайды деп ұсыныс жасауды өзiме абырой санаймын, Келiсiм осы Келiсiмнiң Қорытынды ережелерiне сәйкес күшіне енедi.
Жоғары Мәртебелi, Сiзге деген терең құрмет сезiмдерiмдi қабыл алыңыз.
Қазақстан Республикасының
Кувейт Мемлекетiндегi
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi