Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 527 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 527 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтiндегi сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N 495 , 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды заңсыз өндiрудi және олардың айналымын болдырмау, акцизделетiн тауарларды акциз таңбаларымен таңбалау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. алынып тасталды
      Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де өнiмдердi (бұдан әрi - темекi бұйымдары) жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау 2003 жылғы 1 қазаннан бастап енгiзiлсiн, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды - 2402.

      3. алынып тасталды
      Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Отандық және импорттық өндiрiстегi темекi бұйымдарын 2003 жылғы үлгiдегi акциз таңбаларымен сатуды:

      1) темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 1 қазаннан бастап;

      1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;

      2) темекi бұйымдарын сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N 495 қаулысымен.

      5. Темекi бұйымдарын жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен таңбалауды отандық темекi бұйымдарын өндiрушiлер, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N 495 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Банкнот фабрикасымен (филиалы) темекi бұйымдарын таңбалау үшiн жаңа үлгiдегi акциз таңбаларын дайындауға арналған шарт жасассын;

      импортталатын темекi бұйымдары бойынша келiсiм-шарттарды есепке алуды мiндеттi түрде жүргiзе отырып, темекi бұйымдарын өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және импорттаушылардан акциз таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн;

      акциз таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды өндiру және оның айналымы саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың темекi бұйымдарын түгендеудi жүргiзу тәртiбiн әзiрлесiн.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N 495 қаулысымен.

      7. Темекi бұйымдары таңбаланған 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциз таңбаларының құны, сондай-ақ темекi бұйымдары бойынша 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалдықта болған, пайдаланылмаған 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциз таңбаларының құны жүргiзiлген түгендеудiң негiзiнде отандық тауар өндiрушiлер мен темекi бұйымдарын импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының шығындарына жатқызылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      8. алынып тасталды
      Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      9. Мыналардың:

      1) "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 290-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 және 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 8 қарашадағы N 1421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 498-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

      10. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 792 қаулысына
қосымша

      Жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен таңбалауға

      жататын алкоголь өнiмiнiң тiзбесi

      (осы қаулының 1-тармағына байланысты алынып тасталды)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады