Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 және 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қараша N 1421. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бюджетке акциздердiң толық түсуiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiнде:
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "(отандық өндiрiстiң темекi бұйымдары: фильтрсiз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақта:
      1) тармақшада "жұмсақ қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "қайырма қақпақты қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
      4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс.";
      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.08. N 792 қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады