Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 495 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 527 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 527 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының " Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 2003 жылғы 12 маусымдағы және " Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Ескерту. 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен ;

      2) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 320-құжат):

      тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтiндегi "акциздiк алым таңбаларымен", "акциздiк алым таңбаларын", "акциздiк алым таңбаларының" деген сөздер тиiсiнше "акциз таңбаларымен", "акциз таңбаларын", "акциз таңбаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3 және 4-тармақтар мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;";

      5-тармақтағы "өндiрушiлер" деген сөзден кейiн ", банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар" деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақтың үшiншi абзацындағы "өндiрушiлер мен" деген сөздер "өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының" деген сөздер "осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) Ескерту. 3) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен .

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады