Соғыстан кейінгі оңалтуда Ауғанстан Өтпелі Ислам Мемлекетіне өтеусіз әскери көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қоса беріліп отырған тізімге сәйкес заттай мүлікті Ауғанстан Ұлттық Армиясына берсін, сондай-ақ оны Халықаралық терроризмге қарсы коалицияның Ганси авиабазасына дейін (Қырғыз Республикасы) тасымалдауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері автолегінің қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасынан кедергісіз өтуіне қажетті шараларды қабылдасын, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жедел жүзеге асыруға қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы қаулының орындалуы жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 11 тамыздағы
N 799 қаулысына
қосымша
Берілетін заттай мүліктің тізімі
1. Солдат шинелі 1500 дана;
2. Иық баулары 2000 дана;
3. Алюминий бақырлары 1500 дана;
4. Алюминий құтылары 1500 дана;
5. Құтыларға құндақтар 1500 дана;
6. Мақталы жылы кеудеше 3000 дана;
7. Мақталы шалбар 3000 дана;
8. Солдат плащ-шатыры 1500 дана.