Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 811 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 24, 44-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:
"28-1 "Мәдениет туралы" МАҚКМ маусым шілде тамыз Тілеухан Б.Қ.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады