Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26. N 633 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;";
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, Индустрия және сауда министрлiктерi осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн.";
3) көрсетiлген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлiк қоғамының дивидендтерiн есептеу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 19 тамыздағы
N 828 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 25 сәуiрдегi
N 404 қаулысына
2-қосымша
Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ.