Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 756 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақ "жүзеге асыру" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі