Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 922 қаулысы

      Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 922 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 қаулысына:
      3-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарында:
      құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесiндегi мынадай жолдар:
      "ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi
      AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
      ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" мынадай редакцияда жазылсын:
      "ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
      AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
      ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi";
      қосымшада:
      "Жауапты орындаушы" деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, "ДСА", "ТОҚМ", "ЭИСМ", "ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздер "ДСМ", "ҚОҚМ", "ИСМ", "ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2016 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2016 № 364 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.19 N 345 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады