Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келiсiмге қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 930 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билiгіне адамдарды тапсыру туралы келiсiмге қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билiгіне адамдарды тапсыру туралы келiсiмге қол қою туралы

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында Халықаралық қылмыстық соттың билiгiне адамдарды тапсыру мәселелерiн шешу кезiндегi өзара қатынастарды реттеу мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билiгiне адамдарды тапсыру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа оған қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келiсiм жасасуға өкілеттiк берілciн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Жоба 

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары
арасында Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне
адамдарды тапсыру туралы
келiсiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары,
      Геноцид, адамзатқа қарсы және әскери қылмыс жасайтындарды сотқа тартудың маңыздылығын анықтай отырып,
      оларды ресми адамдар, жұмыскерлер және басқа азаматтар жасағанына сендiретiн Халықаралық Қылмыстық соттың заң құзыретiне жататын актiлердi тергеуге және қудалауға Америка Құрама Штаттары өздерiнiң ниетiн бiлдiргенiн ескере отырып,
      мына төмендегiлер туралы уағдаласты:
      1. Осы Келiсiм мақсатында "тұлға" деген ұғым осы тараптардың барлық адамдары және қазiргi немесе бұрынғы әскери қызметкерлерi деп түсіндіріледі.
      2. Басқа Тараптың аумағындағы бiр Тарап, бiрiншi Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз:
      а) қандай да бiр мақсат үшiн Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне тапсырылмайды немесе қандайда бiр жолмен берiлмейдi, немесе б) басқа ұйымның немесе үшiншi елдiң билiгiне тапсырылмайды немесе кез келген жолмен берiлмейдi немесе Халықаралық Қылмыстық Сот билiгiне тапсыру немесе беру мақсатында кез келген үшiншi елге жiберiлмейдi.
      3. Егер Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының адамын кез келген үшiншi елдiң билiгiне жiберсе, тапсырса немесе басқа жолмен берсе, Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi елдiң Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне бұл тұлғаны тапсыруға немесе беруге келiспейдi.
      4. Егер Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттарының адамын кез келген үшiншi елдiң билiгiне жiберсе, тапсырса немесе басқа жолмен берсе, Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттарының жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi елдiң Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне бұл тұлғаны тапсыруға немесе беруге келiспейдi.
      5. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамаларын ресiмдеу арқылы осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      6. Осы Келiсiмнiң ережесiн қолдану немесе талқылау кезiндегi даулар немесе келiспеушiлiктер тараптар арасындағы кеңестер арқылы шешiледi және олардың реттеушi тараптары қандай да бiр үшiншi тарапқа немесе халықаралық сотқа жүгiнуге болмайды.
      7. Осы Келiсiм белгiсiз бiр мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкiмемлекеттiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандары туралы соңғы жазбаша хабарлама алысқаннан кейiн күшiне енедi.
      8. Тиiстi жазбаша хабарлама жолдау бойынша Тараптардың бipeуi арқылы осы Келiсiмнiң күшiнiң жойылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, осы Келiсiм басқа Тараптан жазбаша хабарлама алғаннан кейiн кемiнде бiр жылдан соң өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      9. 2003 жылдың "___" _______ қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады