"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының шет елдердегi делегацияларының үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң мүшелерi басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының шет елдерге шыққан кездегi арнаулы рейстерiн, 2003 жылғы қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат шегiнде, маңызды стратегиялық мәнi бар қызмет ретiнде жүзеге асыру жөнiнде "Еуразия Эйр" ашық акционерлік қоғамы және "Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны қызмет ұсынушылар деп белгiленсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі