Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілерінің күші жойылды деп тану туралы
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 19, 448-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 22 қазандағы қаулысы .
2. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті