"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 980 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы
5 шiлдедегi N 648 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

      Ұлттық және жалпы адами құндылықтардың ғылым мен техника жетiстiктерiнiң негiзiнде жеке адамның қалыптасуына дамуы мен кәсiби жетiлуiне едәуiр үлесiн ескере отырып және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегi N 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 27, 331-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетiне".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады