Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 982 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 778 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289  қаулысына  мынадай толықтыру енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      11 "Денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыру" деген бөлiмнiң "Орындау (icкe асыру) үшін жауаптылар" деген бағанының реттiк нөмiрi 11.1-жолындағы, "ДМ" деген сөзден кейiн "ЭБЖМ" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады