"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1120 Қаулысы

      Республикалық бюджет комиссиясының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 10 хаттамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Cтратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3-бөлімде:
      «Cтратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Мәдениет саласындағы отандық өнімдерге сұраныстың артуын ынталандыру» деген 1.1.3-міндетте:
      мына:

«

«Өнер, сауық, демалыс» көрсеткішінің артуын қамтамасыз ету

Статистика агенттігінің деректері

Бұрынғы жылға ИФО %-те

100,0

100,0

105,0

105,0

105,0

105,0

105,0

                                                                »

      деген жол алынып тасталсын;
      «Отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы іске асыру» деген 2.1.1-міндетте:
      тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiнде:
      «Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған телевизиялық және радио бағдарламалардың көлемі» деген жолда:
      «2012 жыл» деген бағанда «113 823» деген сандар «102 165» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
      001 «Мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» деген бюджеттік бағдарламада:
      мына:

«

Тiкелей нәтиженiң көрсеткiштерi

Кітап шығару саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу шеңберінде қамтылған тақырыптық бағыттардың саны

Тақырыптық бағыттардың саны




17




                                                                 »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Тiкелей нәтиженiң көрсеткiштерi

АТ-қызметтеріндегі қазақстандық қамтудың үлесі

%

-

-

38

50

65

65

65

                                                                 »;

      002 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң күрделi шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
      мына:

«

Тiкелей нәтиженiң көрсеткiштерi

«Формикайтек TVMon Каскад Flash» бағдарламалы-аппаратты кешенді сатып алу





1




                                                                 »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

Тiкелей нәтиженiң көрсеткiштерi

Қораптық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз етудің көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі

%

-

-

2





АТ-жабдықтар секторы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі

%

-

-

2





                                                                  »;

      021 «Мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу» деген бюджеттік бағдарламада:
      тiкелей нәтиженің көрсеткiштерiнде:
      «Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шыққан телевизиялық және радиобағдарламалар көлемі» деген жолда:
      «2012 жыл» деген бағанда «113 823» деген сандар «102 165» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады