"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Швеция Корольдiгiнен Өзбекстан Республикасына 2001 жылғы 28 маусымдағы N 27-1264 юр келiсiм-шарты бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен санда "Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына (Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Дино Нобель Швеция АБ" фирмасы (Гютторп қаласы, Швеция Корольдiгi) беретін жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар, Iшкi iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 29 қыркүйектегі
N 994 қаулысына
қосымша
"Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы үшін (Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Дино Нобель Швеция AБ" фирмасы (Гютторп қаласы, Швеция Корольдiгi) беретiн тауарлардың саны
___________________________________________________________________
Р/с|Тауардың атауы | СЭҚ TH | Өлшем | Саны |Бағасы/| Құны АҚШ
N | | коды |бірлігі | | дана |долларымен
___________________________________________________________________
1 Nonel Unidet 360300100 дана 15050 2,18 32809,0
U500, 10.2 m
2 Nonel Unidet 360300100 дана 10500 2,64 27720,0
U500, 15.0 m
3 Nonel Unidet 360300100 дана 12000 4,18 50160,0
U475, 21.0 m
4 Nonel Unidet 360300100 дана 5520 4,18 230,73,6
U500, 21.0 m
5 Nonel Unidet 360300100 дана 6150 5,08 31242,0
U475, 27.0 m
6 Nonel Unidet 360300900 дана 1500 1,35 2025,0
SL42,3,6 м
7 Nonel Unidet 360300900 дана 5280 2,25 11880
SL67,9,0 м
8 Nonel Unidet 360300900 дана 17220 2,25 38745,0
SL109,9,0 м
9 Nonel Unidet 360300900 дана 19020 2,25 42795,0
SL176,9,0 м 1.48
10 Nonel Unidet 360300900 дана 91 183,29 16679,39
Dynoline 1500 m
___________________________________________________________________
Жиыны 277128.99
Жiберетiн елi: Швеция Корольдiгi
Шекаралық өту пункттерi: Илецк-1 станциясы (Ресей Федерациясы) - Шеңгелдi станциясы (Қазақстан Республикасы)
Баратын пунктi: Ахангаран станциясы, Өзбекстан темiр жолы (Өзбекстан Республикасы).